Құжат мәтініне өту

О мерах по социальной защите от безработицы целевых групп населения в рамках реализации стратегии региональной занятости

Қаулы · № 16 · қабылданған 22.04.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-52219/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О мерах по социальной защите от безработицы целевых групп населения в рамках реализации стратегии региональной занятости Күшін жойған Қаулы ·№ 16 ·22.04.2010
29.12.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О мерах по социальной защите от безработицы целевых групп населения в рамках реализации стратегии региональной занятости

Күшін жойған Қаулы ·№ 16 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О мерах по социальной защите от безработицы целевых групп населения в рамках реализации стратегии региональной занятости
Атауы (қаз.)
Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың мақсатты тобын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
16
Қабылданған күні
22.04.2010
Көрсетілген редакция
29.12.2010 AI52219_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10VS000117
ЭКБ идентификаторы
52219
Редакция идентификаторы
AI52219_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:20

0 Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың мақсатты

тобын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1- тармағы 13), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықтың жұмыспен қамту туралы» № 149-ІІ Заңының 4, 5, 7, 9, 18-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7-шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 5, 8-баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы «Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы» № 259  қаулысына сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру аясында халықтың мақсатты тобын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде келесі жолдармен шаралар қабылдансын (бұдан әрі - Қатысушылар):

1 1) бастауыш, орта, жоғарғы және оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектері арасындағы жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру;

2 2) мақсатты топтар арасынан шыққан жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру.

2 2. Жұмысқа орналастыру келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылсын:

1 1) «Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркеліп, мақсатты топқа жатқызылған Қатысушыларды жұмысқа жіберуді жүзеге асыру;

2 2) Қатысушыларды іріктеу кезінде, оларға қолайлы жұмыстың жоқтығы;

3 3) түлектің жасы 25-ке дейін және мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесінің болмауы;

4 4) жұмыс мерзімі алты айға дейін.

3 3. Жұмысқа орналастыру кәсіпорындарда, мекемелерде және меншіктік түріне тәуелсіз ұйымдарда (бұдан әрі – Жұмыс беруші) ұйымдастырылып, Бөлімнің Жұмыс берушімен жасаған келісімшарты негізінде өткізіледі.

4 4. Еңбек шарты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес Жұмысберуші мен Қатысушы арасында жасалған еңбек келісімімен белгіленеді.

5

5. Бастауыш, орта, жоғарғы және оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектері арасындағы қатысушыларға еңбек ақы төлемі республикалық бюджет қарадатынан олардың жеке шорттарына аудару арқылы бөліммен жүргізіледі. Республикалық бюджеттен бөлінетін орташа айлық төлем мөлшері 20 000 (жиырма мың) теңгеден артық емес.

6 6. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған Қатысушылардың еңбек ақысын Жұмыс беруші жеке еңбек келісімшартына сәйкес ай сайын өз қаражатынан төлейді және белгіленген заңнамалық тәртіппен салық салынады.

7

7. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған Қатысушылардың еңбек ақысына шыққан Жұмыс берушілердің шығындары республикалық бюджет қаражатынан Қатысушының біреуіне толық 1 айға 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде жарым-жартылай өтеледі. Республикалық бюджеттен бөлінген қаржы Бөліммен жасалған келісім шартқа сәйкес Жұмыс берушінің есептік шотына аударылады.

8 8. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға ұсыныс жасаған жұмыс берушілерді іріктеу ресми ұсыныстардың келіп түсуіне қарай кезектілік тәртібімен жүргізіледі.

9 9. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруға Жұмыс берушінің қатысу үлесі келісімшарт негізінде Жұмыс берушімен және Бөліммен анықталады.

10 10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Г.И.Акуловқа жүктелсін.

11 11. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы