Құжат мәтініне өту

Жұмыс істеп жүріп және жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрып қайтыс болған азаматтарды жерлеуге берілетін біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қаулы · № 157 · қабылданған 14.04.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 28.11.2011 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-52227/?version=52227_195271.kaz
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Жұмыс істеп жүріп және жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрып қайтыс болған азаматтарды жерлеуге берілетін біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 157 ·14.04.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Жұмыс істеп жүріп және жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрып қайтыс болған азаматтарды жерлеуге берілетін біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

ҚАЗЖұмыс істеп жүріп және жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрып қайтыс болған азаматтарды жерлеуге берілетін біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 157 · қабылданған 14.04.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Жұмыс істеп жүріп және жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрып қайтыс болған азаматтарды жерлеуге берілетін біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
Атауы (қаз.)
Жұмыс істеп жүріп және жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрып қайтыс болған азаматтарды жерлеуге берілетін біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
157
Қабылданған күні
14.04.2010
Көрсетілген редакция
28.11.2011 · қолданыстағы 52227_195271.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
28.11.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10DP000110
ЭКБ идентификаторы
52227
Редакция идентификаторы
52227_195271
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:30

0 Жұмыс істеп жүріп және жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрып қайтыс болған азаматтарды жерлеуге берілетін біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1 тармағының 14-тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жұмыс істеп жүріп және жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрып қайтыс болған азаматтарды жерлеуге берілетін біржолғы әлеуметтік көмек (бұдан әрі- әлеуметтік көмек) азаматтың қайтыс болған кезеңдегі айлық есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерінде тағайындалып, төленуі қамтамасыз етілсін.

2

2. Әлеуметтік көмек, азамат қайтыс болған күннен бастап, алты ай мерзім ішінде отбасы мүшелерінің немесе жерлеуді ұйымдастыруды өзіне алған адамның өтініші бойынша, отбасының табысына қарамастан, қайтыс болған адам жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі бөлімде ресми түрде тіркеуде тұрған жағдайда, жұмыс істеп жүріп қайтыс болған кезде, мекеменің меншік түріне қарамастан еңбек қатынасында болса төленеді.

3

3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен /Азат Жапарұлы Жақыбай/ әлеуметтік көмек отбасы мүшелерінің немесе жерлеуді ұйымдастыруды өзіне алған адамның жеке шотының нөмірлері көрсетілген өтініштің негізінде екінші деңгейдегі банк немесе лицензиясы бар, осындай қызмет атқаратын мекемелер арқылы мына төмендегі құжаттарды өткізген жағдайда тағайындалып, төленуі қамтамасыз етілсін:

1 1) өтініш иесінің жеке басының куәлігі, оның ішінде оралмандар үшін оралманның жеке куәлігі, босқын статусына ие адамдардың, шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхаты, салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

2 2) сақтандыру кассасына ұсынылатын азаматтық хал актілерін жазатын органдар беретін өлім туралы анықтама (түпнұсқасы);

3 3) еңбек қатынастарын растайтын құжат (еңбек кітапшасы, жұмыс істеген жерінен анықтама, еңбек келісім-шарты);

4 4) ресми түрде жұмыссыз мәртебесін растайтын анықтама.

4 4. Аудандық қаржы бөлімімен (Бибігүл Нүкенқызы Албанбекова) жұмыс істеп жүріп және жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрып қайтыс болған азаматтарды жерлеуге берілетін біржолғы әлеуметтік көмек көрсетуді аудандық бюджетте жоспарланған, қаралған қаржыдан төленуі қамтамасыз етілсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Амантай Абдықадырұлы Раевқа жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.