Қолданыстағы ред. 14.04.2010

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы от 14.04.2010 г. № 158 (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы)

0

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы
Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы" Заңының 20-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау мақсатында, коммуналдық қызмет және тұрғын үй төлемақысын өтеу үшін, ай сайынғы төлемақы ретінде келесі мөлшерінде жеңілдіктер белгіленсін:
электр қуатымен қамтамасыз ету 45 (қырық бес) киловатт, 1 (бір) кіші газ балонның құны және орталықтандырылған жылу жүйесі жоқ үйлерде жылына бір рет 1(бір) тонна көмірдің құны.

2

2. Аудандық қаржы бөлімімен (Бибігүл Нүкенқызы Албанбекова) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік көмек көрсетуді аудандық бюджетте жоспарланған, аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "Панфилов ауданының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" N 4-25-159 шешімімен қаралған қаржыдан қаржыландыру қамтамасыз етілсін.

3

3. "Панфилов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" /Жақыбай Азат Жапарұлы/ қосымша жеңілдіктердің тағайындалып, тағайындалған қосымша жеңілдіктер (екінші деңгейлі банктер немесе лицензиясы бар, осындай қызмет атқаратын мекемелер арқылы), жеңілдік алушылардың жеке шоттарына аудару арқылы төленуін қамтамасыз етсін.

4

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Раев Амантай Абдықадырұлына жүктелсін.

5

5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.