Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы" Заңының 20-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау мақсатында, коммуналдық қызмет және тұрғын үй төлемақысын өтеу үшін, ай сайынғы төлемақы ретінде келесі мөлшерінде жеңілдіктер белгіленсін: электр қуатымен қамтамасыз ету 45 (қырық бес) киловатт, 1 (бір) кіші газ балонның құны және орталықтандырылған жылу жүйесі жоқ үйлерде жылына бір рет 1(бір) тонна көмірдің құны.
Тармақ 2
2. Аудандық қаржы бөлімімен (Бибігүл Нүкенқызы Албанбекова) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік көмек көрсетуді аудандық бюджетте жоспарланған, аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "Панфилов ауданының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" N 4-25-159 шешімімен қаралған қаржыдан қаржыландыру қамтамасыз етілсін.
Тармақ 3
3. "Панфилов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" /Жақыбай Азат Жапарұлы/ қосымша жеңілдіктердің тағайындалып, тағайындалған қосымша жеңілдіктер (екінші деңгейлі банктер немесе лицензиясы бар, осындай қызмет атқаратын мекемелер арқылы), жеңілдік алушылардың жеке шоттарына аудару арқылы төленуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Раев Амантай Абдықадырұлына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.