Құжат мәтініне өту

О присвоении наименований и переименовании отдельных улиц города Астаны

Қаулы · № 75 · қабылданған 20.04.2010
Заңдық күші: Қолданыста · 04.12.2014 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-52244/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О присвоении наименований и переименовании отдельных улиц города Астаны Қолданыста Қаулы ·№ 75 ·20.04.2010
Сіз 04.12.2014 редакциясын оқып отырсыз. Қолданыстағы редакцияға өту

О присвоении наименований и переименовании отдельных улиц города Астаны

ҚАЗАстана қаласының жекелеген көшелеріне атау беру және қайта атау туралы

Қолданыста Қаулы ·№ 75 · қабылданған 20.04.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О присвоении наименований и переименовании отдельных улиц города Астаны
Атауы (қаз.)
Астана қаласының жекелеген көшелеріне атау беру және қайта атау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
75
Қабылданған күні
20.04.2010
Көрсетілген редакция
04.12.2014 52244_68353.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
04.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10A000624_
ЭКБ идентификаторы
52244
Редакция идентификаторы
52244_68353
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:22

0 Астана қаласының жекелеген көшелеріне атау беру және қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Астана қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, қалалық ономастика комиссиясының 2010 жылғы 8 сәуірдегі № 12 шешімі негізінде Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. «Алматы» ауданының жобалау атауы № 23-22 даңғылға – Рақымжан Қошқарбаев даңғылы атауы берілсін.

2 2. Төмендегі көшелер:

«Алматы» ауданы бойынша:
17 және 18 бекеттер аралығындағы Балочный көшесі – Сарысу деп;
19 және 20 бекеттер аралығындағы Балочный көшесі – Шағыл деп;
75 бекеттегі Песчаный көшесі – Алтынқұм деп;
76 бекеттегі Песчаный көшесі – Қарақұм деп;
«Есіл» ауданы бойынша:
«Шұбар» тұрғын алабында:
Қызғалдақ көшесі – «Нормандия-Неман» эскадрильясі көшесі деп қайта аталсын.

3 3. Астана қаласы Алматы және Есіл аудандарының әкімдері, «Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шара қабылдасын.

4 4. Осы Астана қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихатының шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.