Об определении оптимальных сроков проведения весенне-полевых работ по видам субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по району имени Габита Мусрепова
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении оптимальных сроков проведения весенне-полевых работ по видам субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по району имени Габита Мусрепова
- Атауы (қаз.)
- 2010 жылға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша қаржыландырылатын басымды ауыл шаруашылық дақылдар түрлері бойынша көктемгі-егістік жұмыстарын жүргізудің оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 114
- Қабылданған күні
- 29.04.2010
- Көрсетілген редакция
- 05.06.2014 52261_189272.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.06.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10SE000111
- ЭКБ идентификаторы
- 52261
- Редакция идентификаторы
- 52261_189272
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:16
0 2010 жылға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша қаржыландырылатын басымды ауыл шаруашылық дақылдар түрлері бойынша көктемгі-егістік жұмыстарын жүргізудің оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 2-тармағына, «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы № 533 Заңы 5-бабы 3-тармағы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 123 қаулысымен бекітілген облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға 2010 жылдың республикалық бюджетінен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесінің 7-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2010 жылға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша қаржыландырылатын басымды ауыл шаруашылық дақылдар түрлері бойынша көктемгі-егістік жұмыстарын жүргізудің оңтайлы мерзімдері келесі тәртіпте анықталсын:
жаздық бидай - 15-30 мамыр, дәнді дақылдар бойынша алдыңғы егіс 5 маусымға дейін;
арпа, орташакеш сорты - 25-30 мамыр;
арпа, орташажетілген сорты - 30 мамыр – 5 маусым;
сұлы, орташакеш сорты - 25-30 мамыр;
сұлы, орташажетілген сорты - 27 мамыр – 5 маусым;
бұршақ - 25-30 мамыр;
қарақұмық - 20-30 мамыр;
рапс - 15-20 мамыр;
зығыр – 17-22 мамыр;
қыша – 17-22 мамыр;
күнбағыс – 15-20 мамыр;
картоп – 15-23 мамыр;
сүрлемдік жүгері - 15-20 мамыр.