Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил предоставления сведений в уполномоченный орган о вылове рыбных ресурсов и других водных животных, промысловой обстановке на водоеме, выданных путевках

Бұйрық · № 185 · қабылданған 19.03.2010
Заңдық күші: Қолданыста · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-52286/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
Об утверждении Правил предоставления сведений в уполномоченный орган о вылове рыбных ресурсов и других водных животных, промысловой обстановке на водоеме, выданных путевках Қолданыста Бұйрық ·№ 185 ·19.03.2010
26.11.2012 редакциясы
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил предоставления сведений в уполномоченный орган о вылове рыбных ресурсов и других водных животных, промысловой обстановке на водоеме, выданных путевках

Қолданыста Бұйрық ·№ 185 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил предоставления сведений в уполномоченный орган о вылове рыбных ресурсов и других водных животных, промысловой обстановке на водоеме, выданных путевках
Атауы (қаз.)
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, берілген жолдамалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
185
Қабылданған күні
19.03.2010
Көрсетілген редакция
26.11.2012 AI52286_2.kaz
Соңғы өзгеріс
26.11.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006196_
ЭКБ идентификаторы
52286
Редакция идентификаторы
AI52286_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:44

0 Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, берілген жолдамалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңы 27-бабының 2-тармағы 16) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, берілген жолдамалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну ережесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, берілген жолдамалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну ережесі

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылы 19 наурыздағы
№ 185 бұйрығымен бекітілген
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, берілген жолдамалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну ережесі

1

1. Осы Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, берілген жолдамалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 27-бабы 2-тармағының 16) тармақшасына сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алуды жүзеге асыру кезіндегі жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметіне, балық шаруашылығы су айдынындағы және (немесе) учаскесіндегі берілген жолдамалар санына және кәсіпшілік жағдайына есеп жүргізу, мониторингті және бақылауды жүзеге асыру мақсатында әзірленді.

2 2. Жануарлар дүниесін пайдаланушы балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, берілген жолдамалар туралы мәліметтерді келесі нысан бойынша балық шаруашылығы инспекциясының құрылымдық бөлімшесіне ұсынады:

балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу туралы мәлімет осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес балық шаруашылығы инспекциясының құрылымдық бөлімшесіне ұсынылады;
су айдынындағы кәсіпшілік жағдай туралы мәлімет осы Ереженің  2-қосымшасынасәйкес балық шаруашылығы инспекциясының құрылымдық бөлімшесіне ұсынылады;
берілген жолдамалар туралы мәліметтер осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аумақтық балық шаруашылығы инспекциясының құрылымдық бөлімшелеріне ұсынылады.

3 3. Жануарлар дүниесін пайдаланушы жоғарыда аталған мәліметтерді қағаз және электрондық нұсқада әр айдың 1-күні балық шаруашылығының аумақтық инспекциясына немесе оның құрылымдық бөлімшесіне ұсынылады.

1 Балық және басқа да су жануарларын аулап алу туралы мәліметтер

Балық ресурстарын және басқа
да су жануарларын аулап алу,
су айдынындағы кәсіпшілік жағдай,
берілген жолдамалар туралы
мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну
ережесіне 1-қосымша
Нысан
Уәкілетті орган аумақтық
инспекциясының бастығына
Балық және басқа да су жануарларын аулап алу туралы мәліметтер
Жануарлар дүниесін пайдаланушының атауы: ___________________________
____________________________________________________________________
Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесінің атауы:________
____________________________________________________________________

Ба­лық және бас­қа да су жа­ну­ар­ла­ры­ның түр­ле­рі
Ай­лық есеп­ке
Жыл ба­сы­нан ба­стап
Нақ­ты аулан­ға­ны,  тон­на (да­на)
Бө­лін­ген кво­та, тон­на
Нақ­ты аулан­ға­ны, тон­на
1
2
3
4
5
Бар­лы­ғы
Басшы _____________________________________________________________
(Т.А.Ә.)
Жеке қолы _________________________________________________________
Берілген күні: «___» ________________201__ ж.
М.О.
___________________________________________________________________
(есепті қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.)

2 Су айдынындағы кәсіпшілік жағдай туралы мәліметтер

Балық ресурстарын және басқа
да су жануарларын аулап алу,
су айдынындағы кәсіпшілік жағдай,
берілген жолдамалар туралы
мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну
ережесіне 2-қосымша
Нысан
Уәкілетті орган аумақтық
инспекциясының бастығына
Су айдынындағы кәсіпшілік жағдай туралы мәліметтер
құрма аулар _________________________________________________________
(тор көздің саны, ұзындығы, мөлшері)
лақтырма сүзекілер __________________________________________________
(тор көздің саны, ұзындығы, мөлшері)
автокөліктер ________________________________________________________
(саны, үлгісі)
кәсіпшілік механизмдер ______________________________________________
(атап шығу)
жүзу құралдары ______________________________________________________
(саны, үлгісі)
бригадалардың, бөлімдердің саны тартым учаскелерінің, кәсіпшілік тұрақ,
аулау құралын таңдау орны __________________________________________
____________________________________________________________________
Басшы ____________________________________________________
(Т.А.Ә.)
Жеке қолы ______________________
Берілген күні: «___» ________________ 201__ ж.
М.О.
____________________________________________________________________
(есепті қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.)

3 Берілген жолдамалар туралы мәліметтер

Балық ресурстарын және басқа
да су жануарларын аулап алу,
су айдынындағы кәсіпшілік жағдай,
берілген жолдамалар туралы
мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну
ережесіне 3-қосымша
Нысан
Уәкілетті орган аумақтық
инспекциясының бастығына
Берілген жолдамалар туралы мәліметтер
Жануарлар дүниесін пайдаланушының атауы: ____________________________
_____________________________________________________________________
Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесінің атауы: ________
_____________________________________________________________________

Ба­лық және бас­қа да су жа­ну­ар­ла­ры­ның түр­ле­рі
Ай­лық есеп­ке
Жыл ба­сы­нан ба­стап
Өт­кі­зі­л­ген жол­да­ма­лар­дың са­ны, да­на
Бө­лін­ген кво­та­ның кө­ле­мі, кг. (түр­ле­рі бой­ын­ша)
Өт­кі­зі­л­ген жол­да­ма­лар­дың са­ны, да­на
Бө­лін­ген кво­та­ның кө­ле­мі, кг. (түр­ле­рі бой­ын­ша)
1
2
3
4
5
6
Бар­лы­ғы
Басшы ________________________________________________
(Т.А.Ә.)
Жеке қолы ______________________
Берілген күні: «___» ________________ 201__ ж.
М.О.
____________________________________________________________________
(есепті қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.)

Қолданыстағы