Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау туралы
- Атауы (қаз.)
- Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 209
- Қабылданған күні
- 02.04.2010
- Көрсетілген редакция
- 07.05.2012 · қолданыстағы 52324_215974.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.05.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10VR000095
- ЭКБ идентификаторы
- 52324
- Редакция идентификаторы
- 52324_215974
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:37
0 Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7, 8 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13), 14) тармақшаларына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысына сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру Нұсқаулығы бекітілсін (№ 1 қосымша).
2 2. Кәсіптік оқытуға жіберілген жұмыссыз азаматтардың тамақтану және медициналық куәландыру шығындарын өтеу бойынша Нұсқаулығы бекітілсін (№ 2 қосымша).
3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ж. Шоқаевқа жүктелсін.
4 4. Қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру НҰСҚАУЛЫҒЫ
Үржар аудандық әкімдігінің
2010 жылғы 02 сәуірдегі
№ 209 қаулысына № 1 қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру
НҰСҚАУЛЫҒЫ
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7, 8 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13), 14) тармақшаларына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысына сәйкес әзірленді.
2
2. Осы нұсқаулық жұмыссыздар мен нысаналы тобына жататын жұмыспен қамтылмаған адамдарды уақытша жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыруын белгілейді, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын мекемелермен (меншік иесіне байланыссыз) негізгі жағдайларды және есеп айырысу жүйесін реттейді.
3 3. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздарға Қазақстан Республикасындағы еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заңнамалық актілері таратылады.
2 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмысқа орналасу
4
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын өз қаражатынан қаржыландыратын жұмыс беруші белгілейді. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан азаматтардың еңбек төлемі шығындарын жартылай өтеуді екі жақтың міндеттері, жұмыс түрлері мен көлемі, еңбек төлемінің мөлшері мен шарттары, қаржыландыру мерзімі мен көздері көрсетілген келісім - шартқа сәйкес жүзеге асырады.
5 5. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыруды нысаналы топқа жататындар мен басқа жұмыссыздар есебінен жүзеге асырады.
6
6. Жұмыс беруші жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жолдамасы бойынша орналастырады, жолдаманың үзінді талонын толтырып, оны «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мекен жайына жібереді.
7 7. Жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына қабылдарда жұмыс беруші «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жасалған келісім шартына сәйкес онымен еңбек шартына отырады.
3 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері мен шарттары
8 8. Әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған жұмыссыздар мен нысаналы топтарға жататын азаматтардың еңбек төлемі ай сайын жеке еңбек келісім шартына сәйкес орындалатын жұмыстың көлеміне, сапасына және мерзіміне байланысты жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен жүзеге асады.
9
9. Жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздар мен нысаналы топтарға жататын азаматтардың еңбегіне төленген шығындары жұмыс берушілердің осы айда жұмыссыздардың жұмыс істеген күндері көрсетіліп, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне берген атқарылған жұмыстар туралы актілер негізінде алты айдан аспайтын мерзімге 0,5-тен 1,0 дейінгі ең төменгі еңбек ақы мөлшерінде жергілікті бюджет есебінен жұмыс берушілердің есеп шоттарына немесе жұмыссыздардың жеке шоттарына аудару арқылы жартылай өтеледі.
10 10. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздардың және нысаналы топтарға жататын жұмыспен қамтылмаған адамдардың еңбек ақысына заңнамаларға сәйкес тәртіпте салық салынады.
11 11. Жұмыссыздар мен нысаналы топтарға жататын адамдардың еңбек төлемін жартылай өтеу үшін кәсіпорынның есеп шотына түскен бюджет қаржыларын орынды пайдаланбағаны үшін жұмыс беруші жауап береді.
20 Кәсіптік оқытуға жіберілген жұмыссыз азаматтардың тамақтану және жол жүру, медициналық куәландыру шығындарын өтеу бойынша Нұсқаулық
Үржар аудандық әкімдігінің
2010 жылғы 02 сәуірдегі
№ 209 қаулысына № 2 қосымша
Кәсіптік оқытуға жіберілген жұмыссыз азаматтардың тамақтану
және жол жүру, медициналық куәландыру шығындарын өтеу бойынша
Нұсқаулық
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 13), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7, 8 баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес әзірленді.