Жерге салынатын базалық салық ставкаларын түзету туралы
ҚАЗЖерге салынатын базалық салық ставкаларын түзету туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Жерге салынатын базалық салық ставкаларын түзету туралы
- Атауы (қаз.)
- Жерге салынатын базалық салық ставкаларын түзету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 01-02/24-13
- Қабылданған күні
- 16.04.2010
- Көрсетілген редакция
- 25.02.2015 · қолданыстағы AI52326_1.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 25.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10VF000106
- ЭКБ идентификаторы
- 52326
- Редакция идентификаторы
- AI52326_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:27
0 Жерге салынатын базалық салық ставкаларын түзету туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Кодексiнiң 387-бабының 1 тармағына, 378, 379, 381, 383 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Аудан көлеміндегі тұрғын үй қоры соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жеріне салынатын салықтық базалық ставкаларын заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін 50%-ға көбейтілсін.
2 2. Аудан көлеміндегі тұрғын үй қоры соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерге салынатын салықтық базалық ставкалары:
1 1) қала бойынша:
1 зонадан 3 зонаға дейін - 50% ға;
4 зонадан 6 зонаға дейін - 40% ға көбейтілсін;
2 2) ауылдық кенттік елді мекен бойынша:
1 зонадан 6 зонаға дейін - 30% ға;
6 зонадан 11 зонаға дейін - 20% ға көбейтілсін.
3
3. Аягөз аудандық мәслихатының 2008 жылғы 12 ақпандағы № 01-02/4-4 «Жерге салынатын салықтық базалық ставкалар туралы» (2008 жылғы 14 наурызда нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-6-67 тіркелген, “Аягөз жаңалықтары” газетінің 2008 жылғы 22 наурыздағы № 12 (636) санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.