Құжат мәтініне өту

Қала көшелеріне жаңадан атау беру туралы

Қаулы · № 2781 · қабылданған 13.04.2010
Заңдық күші: Қолданыста · 18.02.2014 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-52360/?version=AI52360_1.kaz
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Қала көшелеріне жаңадан атау беру туралы Қолданыста Қаулы ·№ 2781 ·13.04.2010

Қала көшелеріне жаңадан атау беру туралы

ҚАЗҚала көшелеріне жаңадан атау беру туралы

Қолданыста Қаулы ·№ 2781 · қабылданған 13.04.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Қала көшелеріне жаңадан атау беру туралы
Атауы (қаз.)
Қала көшелеріне жаңадан атау беру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2781
Қабылданған күні
13.04.2010
Көрсетілген редакция
18.02.2014 · қолданыстағы AI52360_1.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
18.02.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10LA000135
ЭКБ идентификаторы
52360
Редакция идентификаторы
AI52360_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:31

0 Қала көшелеріне жаңадан атау беру туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңына және Қызылорда қалалық ономастика комиссиясының 2010 жылғы 11 наурыздағы N 2/2, 2010 жылғы 30 наурыздағы N 3/1 ұйғарымдарына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қызылорда қаласындағы "Федор Киняев – 1", "Федор Киняев – 2" көшелері Мешітбай Қаржаубаев есімімен аталсын.

2 2. Қызылорда қаласындағы Жаппасбай батыр көшесінің сол жағындағы перпендикуляр орналасқан (мал базар қиылысы) көше Смағұл Ысқақов есімімен аталсын.

3 3. Қызылорда қаласындағы Ізмұхамед Еділбаев көшесі Нұрділдә Сыздықов есімімен аталсын.

4 4. Қызылорда қаласындағы Михаил Фрунзе тұйығы Әбди Асаубаев есімімен аталсын.

5 5. Қызылорда қаласындағы Мұхамедғали Сужиков көшесінің аяқталған тұсынан дария жағалауындағы (халыққа қызмет көрсету орталығы бағыты) атауы жоқ көше Есен Демесінұлы Демесінов есімімен аталсын.

6 6. Қызылорда қаласындағы Чиже Сан Тин атындағы көшесі Бауыржан Момышұлы есімімен аталсын.

7 7. Қызылорда қаласындағы Төле би көшесіне параллель Яссауи көшесіне перпендикуляр орналасқан бірінші көше Жұмабай Бәкішев есімімен аталсын.

8 8. Қызылорда қаласындағы Жаппасбай батыр көшесінің сол жағындағы параллель орналасқан үшінші көше Күдеріқожа Көшекұлы есімімен аталсын.

9

9. Титов мөлтек ауданы бойынша: Көшеней Рүстембеков көшесінің сол жағынан перпендикуляр орналасқан (ұзындығы 200 м – 640 м аралығы) атауы жоқ көше аралығын 9 көше "Жаңақұрылыс-1", "Жаңақұрылыс-2", "Жаңақұрылыс-3", "Жаңақұрылыс-4", "Жаңақұрылыс-5", "Жаңақұрылыс-6", "Жаңақұрылыс-7", "Жаңақұрылыс-8", "Жаңақұрылыс-9" атауымен тиесілінше аталсын.

10 10. Осы қаулы мен шешiм олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қызылорда қаласының әкімі                     М. Ергешбаев
Қызылорда қалалық мәслихаттың
кезекті ХХІХ сессиясының төрағасы             И. Мұсабаев
Қызылорда қалалық
мәслихатының хатшысы                          И. Құттықожаев