Құжат мәтініне өту

Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы

Қаулы · № 127 · қабылданған 22.04.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-52392/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 127 ·22.04.2010
07.02.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.02.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 127 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы
Атауы (қаз.)
Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
127
Қабылданған күні
22.04.2010
Көрсетілген редакция
07.02.2011 · қолданыстағы 52392_196536.kaz
Соңғы өзгеріс
07.02.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10ZB000091
ЭКБ идентификаторы
52392
Редакция идентификаторы
52392_196536
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:20

0 Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7, 18-1 баптарын басшылыққа алу негізінде аудан әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік жөніндегі сараптау кеңесінің 2010 жылғы 21 сәуірдегі N 1, N 2 хаттамалы шешімі мен қорытындысына сәйкес, халықтың нысаналы топтары үшін, аудан ұйымдары мен мекеме, кәсіпорындардан түскен сұраныстар мен ұсыныстарды іске асыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аудан бойынша 2010 жылы халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын.

2

2. Нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру "Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (уәкілетті орган) заңмен белгіленген тәртіпте тіркелген және аудан аумағында әрекет ететін, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынушы жеке және заңды тұлғалармен (жұмыс берушілер) жасалатын шарт негізінде жүзеге асырсын.

3 3. Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері қамтылсын.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Д. Жұматоваға жүктелсін.

Қолданыстағы