Құжат мәтініне өту

Об организации профессиональной молодежной практики для безработной молодежи города Каражал

Қаулы · № 33 · қабылданған 12.04.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-52400/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об организации профессиональной молодежной практики для безработной молодежи города Каражал Күшін жойған Қаулы ·№ 33 ·12.04.2010
06.04.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации профессиональной молодежной практики для безработной молодежи города Каражал

Күшін жойған Қаулы ·№ 33 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации профессиональной молодежной практики для безработной молодежи города Каражал
Атауы (қаз.)
Қаражал қаласының жұмыссыз жастарына арналған жастардың кәсіби дайындығын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
33
Қабылданған күні
12.04.2010
Көрсетілген редакция
06.04.2011 52400_175551.kaz
Соңғы өзгеріс
06.04.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10KE000093
ЭКБ идентификаторы
52400
Редакция идентификаторы
52400_175551
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:32

0 Қаражал қаласының жұмыссыз жастарына арналған жастардың кәсіби дайындығын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 2162 қаулысына және Қаражал қалалық Мәслихатының ХХІІІ сессиясының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы N 203 "2010-2012 жылдарға арналған қала бюджеті туралы" шешіміне сәйкес, жұмыссыз азаматтардың жоғарғы және арнаулы орта кәсіби оқу орындарының түлектерінің жұмысқа орналасу, іс жүзіндегі тәжірибе, білім және бейімділіктер алу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Н. Гармашова):

1 1) жұмыссыз ретінде "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде тіркелген жоғары оку орындардың, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектері арасында Жастар практикасын өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын;

2 2) жұмыс берушілермен жұмыссыз жастар үшін Жастар практикасын ұйымдастыруға арналған шарттар жасасын;

3 3) Жастар практикасына қабылданған тұлғалар үшін ай сайын төленетін ақы республикалық бюджеттен бөлінген қаржылардың есебінен 20000 теңге мөлшерінде белгіленсін.

2

2. Қаражал қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 28 мамырдағы N 129 "Қаражал қаласының жұмыссыз жастарына арналған жастардың кәсіби дайындығын ұйымдастыру туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қаражал қаласы әділет басқармасында 2009 жылы 17 маусымда тіркелген тіркеу нөмірі 8-5-73, 2009 жылғы 17 маусымдағы "Қазыңалы өңір" газетінің 24 нөмірінде жарияланған).

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары З. Оспановаға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы