Құжат мәтініне өту

Об оказании безработным гражданам материальной помощи на открытие собственного дела и обеспечение самостоятельной занятости

Қаулы · № 29 · қабылданған 05.04.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-52401/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об оказании безработным гражданам материальной помощи на открытие собственного дела и обеспечение самостоятельной занятости Күшін жойған Қаулы ·№ 29 ·05.04.2010
15.02.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.02.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании безработным гражданам материальной помощи на открытие собственного дела и обеспечение самостоятельной занятости

Күшін жойған Қаулы ·№ 29 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании безработным гражданам материальной помощи на открытие собственного дела и обеспечение самостоятельной занятости
Атауы (қаз.)
Жұмыссыз азаматтарға өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамту үшін материалдық көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
29
Қабылданған күні
05.04.2010
Көрсетілген редакция
15.02.2011 52401_175592.kaz
Соңғы өзгеріс
15.02.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10KE000094
ЭКБ идентификаторы
52401
Редакция идентификаторы
52401_175592
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:36

0 Жұмыссыз азаматтарға өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамту үшін материалдық көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына және Қаражал қалалық Мәслихатының ХХІІІ сессиясының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы N 203 "2010-2012 жылдарға арналған қала бюджеті туралы" шешіміне сәйкес, жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдау, жеке кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға тіркелген жұмыссыз азаматтардың өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамтуы үшін материалдық көмек көрсету жөніндегі жұмыстар ұйымдастырылсын.

2 2. Өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамтулары үшін материалдық көмек алуға тілек білдірген жұмыссыз азаматтардың өтініштерін қарайтын консультативті–кеңесші комиссия (қосымшаға сәйкес) құрылсын.

3 3. "Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Гармашова Н.Н.):

1

1) өз істерін ашу және өздерін жұмыспен қамтулары үшін материалдық көмек алуға (әрі қарай – материалдық көмек) тілек білдірген жұмыссыз азаматтардың өтініштерін қарау және тіркеу, сонымен қатар материалдық көмекті тағайындау (бас тарту) туралы шешім қабылдау халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілеттік органға жүктелсін;

2 2) материалдық көмек айлық есеп көрсеткіштің 40 еселік мөлшерінде 56520 (елу алты мың бес жүз жиырма) теңге сомасында көрсетiлсiн.

4 4. Жұмыссыз азаматтардың материалдық көмекті мақсатты пайдалануын, жұмыссыздардың өздерін жұмыспен қамтулары жөніндегі жүргізілген шаралардың тиімділігін бақылау функциялары "Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.

5

5. Қаражал қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 15 мамырдағы N 125 "Жұмыссыз азаматтарға өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамту үшін материалдық көмек көрсету туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қаражал қаласы әділет басқармасында 2009 жылы 17 маусымда тіркелген тіркеу нөмірі 8-5-70, 2009 жылғы 17 маусымдағы "Қазыналы өңір" газетінің 24 нөмірінде жарияланған).

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары З. Оспановаға жүктелсін.

7 7. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енеді.

10 Қаражал қаласының әкімдігінің

2010 жылғы 05 сәуірдегі
N 29 қаулысына
қосымша
Өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамтулары
үшін материалдық көмек алуға тілек білдірген жұмыссыз
азаматтардың өтініштерін қарайтын комиссия
ҚҰРАМЫ
Оспанова Зәмзәгүл
Кажмұқанқызы
- Қаражал қала әкімінің орынбасары,
комиссия төрағасы;
Гармашова Наталья
Николаевна
- "Қаражал қаласының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы,
комиссия төрағасының орынбасары;
Мұхамедиярова Шұға
Әбілқасымқызы
- "Қаражал қаласының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығының
орынбасары, комиссия хатшысы;
Комиссия мүшелері:
Саденов Жаныс
Қыстауұлы
- Жәйрем кенті әкімі;
Пак Наталья
Робертовна
- "Қаражал қаласының ішкі саясат бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бас маманы;
Шманов Алмаз
Айтжанұлы
- Қаражал қаласы бойынша Салық
басқармасының салық төлеушілермен
жұмыс істеу бөлімінің бастығы,
(келісім бойынша);
Гуляева Елена
Игорьевна
- "Қаражал қаласының қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекеменің бас маманы;
Түбеков Бейбіт
Ақпанұлы
- "Қаражал қаласы бойынша
мемлекеттік санитарлық
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
бастығы (келісім бойынша);
Жиенбаев Сатыбай
Тойымбекұлы
- Қаражал қаласы әкім аппаратының
мемлекеттік-құқықтық жұмыстар
бөлімінің меңгерушісі;
Рсалдина Жанар
Шахизадақызы
- "Қаражал қаласының экономика және
бюджетті жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекеменің бастығы;
Сыртанбеков Серікбай
Ханафияұлы
- Қалалық мәслихат депутаты (келісім
бойынша).

Қолданыстағы