Құжат мәтініне өту

Об оказании материального обеспечения детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому в Шортандинском районе

Қаулы · № А-1/73 · қабылданған 12.04.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-52414/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об оказании материального обеспечения детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому в Шортандинском районе Күшін жойған Қаулы ·№ А-1/73 ·12.04.2010
30.07.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании материального обеспечения детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому в Шортандинском районе

Күшін жойған Қаулы ·№ А-1/73 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании материального обеспечения детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому в Шортандинском районе
Атауы (қаз.)
Шортанды ауданында үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
А-1/73
Қабылданған күні
12.04.2010
Көрсетілген редакция
30.07.2012 52414_200393.kaz
Соңғы өзгеріс
30.07.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10BR000112
ЭКБ идентификаторы
52414
Редакция идентификаторы
52414_200393
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:32

0 Шортанды ауданында үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді көрсету туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы 11 бабы 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, үйде тәрбиеленіп және оқитын мүгедек балаларға материалдық көмек көрсету мақсатында Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Шортанды ауданында үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз ету көрсетілсін.

2 2. Белгіленсін:

1 1) материалдық қамтамасыз ету ағымдағы жыл бойы алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде он сегіз жасқа толмаған әр мүгедек балаға бір тоқсанға тағайындалады;

2

2) үйде тәрбиеленіп және оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді төлеу қаржыландыру болуына қарай өткен тоқсанға жүргізіледі. Материалдық қамтамасыз етуді тоқтату жағдайлар туындаған кезде (мүгедек бала он сегіз жасқа толса, мүгедек бала қайтыс болса, мүгедектігі алынса) төлем төлеуі осындай жағдайлар туындаған айдан кейінгі айда тоқтатылады.

3 3. Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді көрсету үшін аудан бюджетінен бөлінген ақшалай қаражаттарды уақытында игеруді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдасын.

4

4. Шортанды ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 19 ақпандағы № А-1/37 «Шортанды ауданында үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді көрсету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімде № 1-18-48 болып тіркелген, 2008 жылғы 22 наурызда № 12 аудандық «Өрлеу» газетінде, 2008 жылғы 22 наурызда № 12 аудандық «Вести» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің орынбасары В.П.Игнатовқа жүктелсін.

6 6. Осы қаулы Шортанды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Шортанды ауданының
«Білім беру бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы М.Атабаев
Шортанды ауданының
«Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Ж.Мунтаева
Шортанды ауданының
«Экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы О.Мут

Қолданыстағы