О материальном обеспечении детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому
Күшін жойған
Қаулы
·№ 95
·
19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О материальном обеспечении детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому
- Атауы (қаз.)
- Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 95
- Қабылданған күні
- 29.03.2010
- Көрсетілген редакция
- 16.04.2012 AI52453_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.04.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10NT000176
- ЭКБ идентификаторы
- 52453
- Редакция идентификаторы
- AI52453_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:42
0 Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аудандық бюджеттен мынадай әлеуметтік төлемдер түрі бойынша көмек беруі қамтамасыз етілсін:
республикалық бюджет туралы заңымен тиісті жылға белгіленген, үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балалары бар ата-аналарына (заңды өкілдеріне) айлық есептік көрсеткіштің сегіз есе көлемінде тоқсан сайын әлеуметтік көмек.
2 2. "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган) әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
3 3. Мыналар белгіленсін:
1 1) әлеуметтік көмек үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балалары бар ата-аналарына (заңды өкілдеріне) көрсетіледі;
2 2) әлеуметтік көмек үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар ата-аналарына (заңды өкілдеріне), ағымдағы тоқсанға өтініш берген айынан бастап тағайындалады және тиісті оқу жылы бойынша төленеді;
3 3) әлеуметтік көмек мүгедек-балалардың интернат-үйінде немесе шипайжай мектептерінде тұрған мерзімінде төленбейді.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Ф. Федороваға жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛIСIЛДІ
"Федоров аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттiк мекемесінiң бастығы
__________________ Т. Волоткевич