Халықтың мақсатты топтағы жұмыссыздары үшін ұйымдастырылатын әлеуметтік жұмыс орындарының тізбесін бекіту туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Халықтың мақсатты топтағы жұмыссыздары үшін ұйымдастырылатын әлеуметтік жұмыс орындарының тізбесін бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Халықтың мақсатты топтағы жұмыссыздары үшін ұйымдастырылатын әлеуметтік жұмыс орындарының тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 246
- Қабылданған күні
- 07.04.2010
- Көрсетілген редакция
- 15.07.2011 · қолданыстағы 52485_182313.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.07.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10CI000123
- ЭКБ идентификаторы
- 52485
- Редакция идентификаторы
- 52485_182313
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:35
0 Халықтың мақсатты топтағы жұмыссыздары үшін ұйымдастырылатын әлеуметтік жұмыс орындарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына және Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-4 тармағына сәйкес Мұғалжар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мұғалжар ауданының халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру мақсатында халықтын мақсатты топтағы жұмыссыздары үшін ұйымдастырылатын әлеуметтік жұмыс орындарының тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы іс-шараларды ұйымдастыруға байланысты бөлінген қаражат шегінде қамтамасыз ету «Мұғалжар аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөілімі» ММ бастығы Ғ. Асқаровқа жүктелсін.
3 3. Аудандағы халықтың мақсаттағы топтағы жұмыссыздары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру «Мұғалжар аудандық жұмыпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бастығы А. Шотовқа жүктелсін.
4
4. «Халықтың мақсатты топтағы жұмыссыздары үшін ұйымдастырылатын әлеуметтік жұмыс орындарының тізбесін бекіту туралы» 2009 жылғы 25 наурыздағы № 110 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-97 санымен тіркелген және 2009 жылғы 20 мамырдағы «Мұғалжар» газетінде № 25 санда жарияланған) және «Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 110 «Халықтың мақсатты топтағы жұмыссыздары үшін ұйымдастырылатын әлеуметтік жұмыс орындарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 25 қаңтардағы № 155 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-115 санымен тіркелген және 2010 жылғы 3 наурыздағы «Мұғалжар» газетінде № 10 санында жарияланған) қаулыларының күші жойылсын.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Н. Аққұлға жүктелсін.
6 6. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
7 Мұғалжар ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 07 сәуірдегі
№ 246 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
Халықтың мақсатты топтаға жұмыссыздары үшін
ұйымдастырылатын әлеуметтік жұмыс орындарының
тізбесі
Р/с
Мекеме атауы
Қабылданатын адам саны
1
«Силикат-А» ЖШС
10
2
«Болат» ЖШС
5
3
«Теміржолсу» ЖШС
20
4
Жеке кәсіпкер Г.Еламанова
5
5
Жеке кәсіпкер Т.Беляева
10
6
«Трансхимснаб» ЖШС
10
7
«Тағдыр и Т» ЖШС
5
8
Жеке кәсіпкер Г.Отыншина
5
9
«Арай» шаруа қожалығы
5
10
«Саян» шаруа қожалығы
5
11
Жеке кәсіпкер Г.Амиртаева
5
12
«Техник» ЖШС
10
13
«Байқар» шаруа қожалығы
5
14
Жеке кәсіпкер 3.Сунгатова
5
15
«Құмжарған» ЖШС
10
16
«Арман-М» шаруа қожалығы
5
17
«Рауан» спорт клубы
5
18
«Манас» шаруа кожалығы
6
19
«Қазах Ойл Ақтөбе» ЖШС
10
21
«Ерхан» шаруа қожалығы
2
22
Жеке кәсіпкер Н.Есмуратов
5
23
Шаруа қожалығы «Даурен»
5