Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об упорядочении деятельности хозяйствующих субъектов по сбору (заготовке), хранению, переработке и реализации лома и отходов цветных и черных металлов

Өзге акт · № 213 · қабылданған 02.11.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-5249/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об упорядочении деятельности хозяйствующих субъектов по сбору (заготовке), хранению, переработке и реализации лома и отходов цветных и черных металлов Күшін жойған 02.11.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об упорядочении деятельности хозяйствующих субъектов по сбору (заготовке), хранению, переработке и реализации лома и отходов цветных и черных металлов

Күшін жойған Өзге акт № 213 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об упорядочении деятельности хозяйствующих субъектов по сбору (заготовке), хранению, переработке и реализации лома и отходов цветных и черных металлов
Атауы (қаз.)
Түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын жинау, сақтау, өндеу және өткізу жөніндегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін тәртіпке келтіру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
213
Қабылданған күні
02.11.1999
Көрсетілген редакция
02.11.1999 5249_242325.kaz
Соңғы өзгеріс
02.11.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99Z0000180
ЭКБ идентификаторы
5249
Редакция идентификаторы
5249_242325
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:51
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.11.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын жинау, сақтау, өндеу және өткізу жөніндегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін тәртіпке келтіру туралы

📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 09.03.2004 № 11 шешімімен.
Құқық қорғау және бақылау органдары түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын жинау, сақтау өңдеу және өткізу ісімен айналысатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін тексергенде лицензия жағдайында елеулі кемшіліктерді анықтады. «Қайталаматүстімет», «Қайталамақарамет» акционерлік қоғамдары филиалдарынан басқа түсті, қара металдар сынықтары мен қалдықтарын қабылдайтын барлық пунктерде республиканың басқа қалаларындағы бас кәсіпорындардан берілген мемлекеттік лицензияның көшірмесі ғана бар. Бұл арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 қыркүйектегі № 1500 қаулысының бұзылуына жол берілуде. Қаулы бойынша лицензия түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын қабылдау пунктері орналасқан орын көрсетіліп, бір данада ғана ресімделеді.
Жалпы осының салдарынан облыс аумағында түсті металдардың ұрлануы орын алуда, олар жоғарында аталған пунктерге кедергісіз тапсырылуда.
Түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын жинау, сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін тәртіпке келтіру мақсатында және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 қыркүйектегі № 969 қаулысына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 қыркүйектегі № 1500 қаулысын орындау үшін ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1. Түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын жинау, сақтау, өңдеу және өткізу ісімен айналысатын меншіктің барлық нысанындағы шаруашылық жүргізушы субъектілер лицензияны «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қыркүйектегі № 969 қаулысына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 қыркүйектегі № 1500 қаулысына сәйкес келтірсін.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғарыда аталған қаулысына сәйкес түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын қабылдайтын пункттердің орналасқан орны көрсетілмеген шаруашылық жүргізуші субъектілердің лицензиялары Батыс Қазақстан облысында заңсыз деп танылып, тоқтатылуға жатады.

3. Облыстық ішкі істер басқармасы (Ракымжанов), облыстық салық комитеті (Әбдірахманов), облыстық салық полициясы (Танкеев) түсті және қара металдардың, электр жабдықтарының, электр және байланыс желілерінің ұрлануына жол бермеудің барлық шараларын алсын.

4. Меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары түсті металдар бар объектілерді күзетуді күшейтсін.

5. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Ф. Маючийге жүктелсін.