Об утверждении Правил содержания собак и кошек в городе Усть-Каменогорске
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил содержания собак и кошек в городе Усть-Каменогорске
- Атауы (қаз.)
- Өскемен қаласында иттер мен мысықтарды ұстау ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 23/6
- Қабылданған күні
- 16.04.2010
- Көрсетілген редакция
- 24.05.2012 AI52509_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.05.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10VA000143
- ЭКБ идентификаторы
- 52509
- Редакция идентификаторы
- AI52509_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:26
0 Өскемен қаласында иттер мен мысықтарды ұстау ережесін бекіту туралы
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3 бабының 2 тармағына және 311 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 32 бабының 1 тармағына сәйкес, Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Өскемен қаласында иттер мен мысықтарды ұстау ережесі бекітілсін.
2
2. Өскемен қалалық мәслихатының «Өскемен қаласында иттер мен мысықтарды ұстау ережесі туралы» 2004 жылғы 8 сәуірдегі № 5/10 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 жылғы 29 сәуірдегі 1758 нөмірімен тіркелген, 2004 жылғы 15 мамырдағы № 46 «Дидар», № 72-73 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Өскемен қаласында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі
Өскемен қалалық мәслихатының
2010 жылғы 16 сәуірдегі
№ 23/6 шешімімен бекітілген
Өскемен қаласында иттер мен
мысықтарды ұстау Ережесі
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Өскемен қаласында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3 бабының 2 тармағына және 311 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 32 бабының 1 тармағына сәйкес әзірленді.
2 2. Осы Ереженің күші Өскемен қаласындағы жеке және басқадай меншігінде иттері мен мысықтары бар жеке және заңды тұлғаларға таралады.
2 2-тарау. Иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету тәртібі
3 3. Иттер мен мысықтарды ұстау санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық-санитарлық талаптар мен осы Ережені сақтаған жағдайда рұқсат етіледі:
бір жанұя тұратын тұрғын үй-жайда;
бірнеше жанұялар тұратын пәтерде, тек өзі тұратын тұрғын үй көлемінде (пәтерде тұратын барлығының жазбаша келісімімен);
кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, бағбандық және саяжайлық бірлестіктердің аумағында, демалыс базаларында иттерді байлаулы немесе арнаулы вольерлерде, түнгі уақыттарда мазалау, тыныштықты бұзу және айналасындағылар үшін қауіп төндіру мүмкіндіктерін болдырмайтын жағдайларда ұстау қажет. Аумаққа кіреберісте тиісті жазу жазылған ескерту кестесін қамтамасыз ету қажет.
4
4. Барлық иттер мен мысықтар оларды иелері сатып алған сәттен бастап екі айлық жасынан тіркеуге және вакцинациялауға жатады. Иттер мен мысықтарды тіркеу кезінде иелеріне тиісті уәкілетті мемлекеттік орган – өз өкілетті шегінде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің қалалық аумақтық инспекциясы ветеринарлық төлқұжат береді.
5
5. Иттер мен мысықтарды көпшілік пайдаланатын орындарда (асханаларда, дәліздерде, баспалдақтар бөліктерінде, жертөледе, шатырлар астында, лоджияларда, балкондарда және басқа да қосалқы үй-жайларда) үй жанындағы аумақтарда (жеке тұрғын үй қоры үйлерінің жанындағы аумақтардан басқа), қонақүйлерде ұстауға рұқсат етілмейді.