Об упразднении и преобразовании некоторых населенных пунктов и сельских округов Акмолинской области по Егиндыкольскому, Жаркаинскому районам
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об упразднении и преобразовании некоторых населенных пунктов и сельских округов Акмолинской области по Егиндыкольскому, Жаркаинскому районам
- Атауы (қаз.)
- Егіндікөл, Жарқайың аудандары бойынша Ақмола облысының кейбір елді мекендері мен селолық округтерін тарату және құру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-4/105
- Қабылданған күні
- 06.04.2010
- Көрсетілген редакция
- 17.02.2015 52535_303639.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10B0003358
- ЭКБ идентификаторы
- 52535
- Редакция идентификаторы
- 52535_303639
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:35
0 Егіндікөл, Жарқайың аудандары бойынша Ақмола облысының кейбір елді мекендері мен ауылдық округтерін тарату және құру туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 3, 11 баптарына сәйкес және Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № А-12/314 қаулысы мен Егіндікөл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 4С-21-5 шешімі, Жарқайың ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 7 қаулысы мен Жарқайың аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 4С-19/4 шешімі негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Ақмола облысының кейбір елді мекендері мен ауылдық округтері таратылсын және қайта құрылсын:
1 1) Егіндікөл ауданы бойынша:
тұрғындардың көшіп кетулеріне байланысты Бауман ауылдық округінің Жолан ауылы таратылсын және есептік деректерден шығарылсын.
2 2) Жарқайың ауданы бойынша:
Баранкөл ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
Нахимовка ауылдық округі, оның құрамына Баранкөл ауылы мен Баранкөл ауылдық округінің таратылған аумағы енгізіліп, қайта құрылсын;
Зерноградское ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
Жаңадала ауылдық округі, оның құрамына Зерноградское ауылы мен Зерноградское ауылдық округінің таратылған аумағы енгізіліп, қайта құрылсын;
Костычево ауылдық округінің Маяк ауылы Костычево ауылдық округінің Донское ауылының құрамына енгізіліп, басқа қоныстар категориясына көшірілсін;
Пригородное ауылдық округінің Западное ауылы Пригородное ауылдық округінің Пригородное ауылының құрамына енгізіліп, басқа қоныстар категориясына көшірілсін;
Шойындыкөл ауылдық округінің Шалғай ауылы Шойындыкөл ауылдық округінің Шойындыкөл ауылының құрамына енгізіліп, басқа қоныстар категориясына көшірілсін.