Қолданыстағы ред. 16.04.2010

Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы Рая Трофимова атындағы көшенің атын өзгерту туралы от 16.04.2010 г. № 4-29-187 (Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы Рая Трофимова атындағы көшенің атын өзгерту туралы)

0

Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы Рая Трофимова атындағы көшенің атын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 5-1 тармағына сәйкес Панфилов аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Панфилов аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1

1. Панфилов аудан әкімдігі жанындағы қоғамдық ономастикалық кеңестің Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы Рая Трофимова атындағы көшесінің атын Садық Зульяров атындағы көше деп өзгерту туралы ұсынысы мақұлдансын.

2

2. Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы Рая Трофимова атындағы көше Садық Зульяров атындағы көше болып өзгертілсін.

3

3. Осы шешімнің және қаулының орындалуын қадағалау Панфилов ауданы әкімінің орынбасары Раев Амантай Абдықадырұлына тапсырылсын.

4

4. Осы шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.