Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы Рая Трофимова атындағы көшенің атын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы Рая Трофимова атындағы көшенің атын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 5-1 тармағына сәйкес Панфилов аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Панфилов аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Панфилов аудан әкімдігі жанындағы қоғамдық ономастикалық кеңестің Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы Рая Трофимова атындағы көшесінің атын Садық Зульяров атындағы көше деп өзгерту туралы ұсынысы мақұлдансын.
Тармақ 2
2. Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы Рая Трофимова атындағы көше Садық Зульяров атындағы көше болып өзгертілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің және қаулының орындалуын қадағалау Панфилов ауданы әкімінің орынбасары Раев Амантай Абдықадырұлына тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.