Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Аршалынского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Аршалынского района
- Атауы (қаз.)
- Аршалы ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 26/8
- Қабылданған күні
- 15.04.2010
- Көрсетілген редакция
- 15.03.2011 52593_197219.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.03.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10BD000169
- ЭКБ идентификаторы
- 52593
- Редакция идентификаторы
- 52593_197219
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:28
0 Аршалы ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Аршалы ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1 1) ауданда өмірдің қиын жағдайларына тап болған, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын, ауданда тұрақты тұратын отбасылар (азаматтар), өтініштері бойынша;
2 2) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын отбасыларына, стационарлық емделуге мұқтаж немесе медициналық мекемелерде тексеруден өтуге және медициналық қорытындысы бар отбасыларға;
3
3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген, тыл еңбеккерлеріне, жауынгер - интернационалистерге, Чернобыль атомдық электростанция зардабын жоюға қатысқандарға, мүгедектерге, қайтыс болған Ұлы Отан соғысының мүгедегінің, қайта некеге тұрмаған, әйеліне (күйеуіне), Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қатысушысының әйеліне (күйеуіне), мүмкіндіктері шектеулі балаларға, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға мемлекеттік мерекелерге, «Мать-героиня» орденімен және «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқалармен марапатталған көпбалалы аналарға;
4 4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне:
ай сайын коммуналдық төлем жөніндегі шығындардың орнын толтыру үшін облыстық бюджеттен бөлінетін мақсатты трансферттердің есебінен 2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5 5) қарттар мен мүгедектер күнін атап өту кезінде толық мемлекеттік қамтамасыз етуді тұлғалардан басқа, барлық санаттағы мүгедектер мен зейнеткерлерге;
6 6) төтенше жағдайлар мен табиғи апаттар нәтижесінде зардап шеккен отбасыларға, өтініштері бойынша;
7 7) ай сайын айлық есептік көрсеткіштің 1,0 мөлшерінде күнкөрісі төмен азқамсызданған азаматтарға;
8 8) «Аршалы аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның медициналық қортындысы негізінде айлық есептік көрсеткішінің мөлшеріне онкологиялық ауруларға, туберкулез, қант ауруларымен ұзақ емделетін азаматтарға;
9
9) бұрынғы жасы кәмелетке толмаған концлагерь тұтқындарына – жеке есепшотына аудару жолымен «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Ақмола облыстық филиалының Аршалы аудандық бөлімшесінен берілген тізімдердің негізінде коммуналдық төлем жөніндегі шығындардың орнын толтыру үшін 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
10 10) Аршалы ауданы бойынша аз қамтылған отбасылардың және селолық мекендегі тұратын көп балалы отбасылардың студенттеріне білім беру мекемесімен түзілген келісім шарты және оқу орнынан берілген анықтаманың негізінде.
2 2. Уәкілетті орган – «Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жоғарыда көрсетілген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындауды және төлеуді қамтамасыз етеді.
3 3. Осы шешім 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қалыптасқан құқықтық қатынастар негізде таралады.
4 4. Осы шешім Аршалы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Аршалы ауданының
әкімі Е.Маржықпаев
«Аршалы ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарлама
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Б.Сыздыкова