Қолданыстағы ред. 06.04.2010

Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын жекелеген топтарына біржолғы атаулы көмек көрсету туралы от 06.04.2010 г. № 294 (Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын жекелеген топтарына біржолғы атаулы көмек көрсету туралы)

0

Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын жекелеген топтарына біржолғы атаулы көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14 тармақшасын және 37-бабын басшылыққа алып, қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:

1

1) халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын жекелеген топтарына жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде біржолғы әлеуметтік төлемдер төленуін қамтамасыз етсін;

2

2) халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын жекелеген топтардың өтініш-арыздары бойынша олардың тұрмыстық жағдайын, табысын, отбасы құрамын және жеке отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтылуын ескере отырып, жасақтаған зерделеу актілері негізінде біржолғы атаулы көмек көрсету шараларының іске асырылуын қамтамасыз етсін.

2

2. Осы мақсаттағы әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру сәйкесті жылда қаралған жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүргізілсін.

3

3. Атырау қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 15 наурыздағы № 210 "Халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына біржолғы атаулы көмек көрсету Тәртібі туралы" қаулысы жойылсын.

4

4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5

5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б. Иманғалиевқа жүктелсін.