Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын жекелеген топтарына біржолғы атаулы көмек көрсету туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын жекелеген топтарына біржолғы атаулы көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14 тармақшасын және 37-бабын басшылыққа алып, қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:
Тармақша 1
1) халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын жекелеген топтарына жергілікті бюджетте қаралған қаржы көлемінде біржолғы әлеуметтік төлемдер төленуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын жекелеген топтардың өтініш-арыздары бойынша олардың тұрмыстық жағдайын, табысын, отбасы құрамын және жеке отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтылуын ескере отырып, жасақтаған зерделеу актілері негізінде біржолғы атаулы көмек көрсету шараларының іске асырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Осы мақсаттағы әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру сәйкесті жылда қаралған жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүргізілсін.
Тармақ 3
3. Атырау қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 15 наурыздағы № 210 "Халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына біржолғы атаулы көмек көрсету Тәртібі туралы" қаулысы жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б. Иманғалиевқа жүктелсін.