Об утверждении Правил специальной профессиональной подготовки
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил специальной профессиональной подготовки
- Атауы (қаз.)
- Арнайы кәсіптік даярлау ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 122
- Қабылданған күні
- 20.04.2010
- Көрсетілген редакция
- 31.03.2017 52628_445952.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.03.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V100006211_
- ЭКБ идентификаторы
- 52628
- Редакция идентификаторы
- 52628_445952
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:22
0 Арнайы кәсіптік даярлау ережесін бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңы 12-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Арнайы кәсіптік даярлау ережесі бекітілсін.
2 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Әділет вице-министріне жүктелсін.
3 3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Арнайы кәсіптік даярлау ережесі
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2010 жылғы 20 сәуірдегі
№ 122 бұйрығымен
бекiтiлген
Арнайы кәсіптік даярлау ережесі
1
1. Осы Арнайы кәсіптік даярлау ережесі сот әділдігінің міндеттерін шешу мүддесімен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарының қызметін жетілдіру үшін жоғары білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарына алғаш жұмысқа кіретін адамдарды (бұдан әрі - қызметкер) даярлауды ұйымдастырудың бірыңғай тәртібін анықтайды.
Қызметкерлерді даярлау "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 12-бабының 7-тармағына сәйкес жүргізіледі.
2 2. Қызметкерлерді даярлау міндеті тиісті сот-сарапшылық мамандық бойынша сот сарапшыларын арнайы кәсіптік даярлау болып табылады.
3 3. Тиісті сот-сарапшылық мамандық бойынша қызметкерлерді даярлау тәлім беру арқылы арнайы кәсіптік даярлық түрінде жүзеге асырылады.
Арнайы кәсіптік даярлық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарына алғаш жұмысқа кіретін, жоғары кәсіптік білімі бар адамдардың кейіннен сот сараптамасын жүргізу құқығына ие болу үшін оларға қатысты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарында жүзеге асырылады.
Нақты сот-сарапшылық мамандық бойынша қызметкерлерді арнайы кәсіптік даярлау бағдарламасы келесі бөлімдерден тұру керек:
1 1) жалпы бөлім:
криминалистиканың және cот сараптаматанудың ғылыми негіздері;
жалпы заңгерлік пәндер;
2 2) арнайы бөлім:
сот сараптамасының нақты бір тегінің (түрінің) теориялық және әдістемелік негіздері;
сот сараптамасының нақты бір тегін (түрін) тағайындау және жүргізу негіздері.
Арнайы кәсіптік даярлық қызметкердің сот сараптамаларын тәлімгердің басшылығымен жүргізуге қатысуын қарастырады.
4 4. Қызметкерді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарында арнайы кәсіптік даярлау арнайы кәсіптік даярлық қорытындысы бойынша жазбаша пікір жасайтын тәлімгер басшылығымен жеке жоспар бойынша жүзеге асырылады.
Жеке жоспар нақты сот-сарапшылық мамандық бойынша қызметкерді арнайы кәсіптік даярлау бағдарламасы негізінде жасалады және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарының басшысымен бекітіледі.
Тәлімгер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарының аумақтық бөлімшесі басшысының өкімімен бекітіледі.
5 5. Қызметкерді арнайы кәсіптік даярлау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптамасы органдарының басшысымен келісім бойынша бір жылға дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.
6 6. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарының сот сарапшысын арнайы кәсіптік даярлау жеке жоспарында қосымша төрт рефераттық тапсырманы және мамандығы бойынша бір курстық жұмысты міндетті түрде орындау көзделеді.
7 7. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органының басшысы қызметкерге оның сот-сарапшылық мамандықты табысты игеруі үшін қажетті жағдайды жасайды.
8
8. Арнайы кәсіптік даярлық аяқталған соң қызметкер орындалған жұмыстың мазмұны мен көлемін көрсете отырып оны өткендігі туралы есепті, ал даярлық жетекшісі сот-сарапшылық мамандықты игеру ұзақтығын, оның көлемі мен тиімділігін көрсететін пікір дайындайды, қажетті ұсынымдар береді. Арнайы кәсіптік даярлық нәтижелері (сот сарапшысының есебі мен жетекшінің пікірі) тиісті аумақтық (құрылымдық) бөлімшенің өндірістік кеңесінде талқыланады.
Арнайы кәсіптік даярлықтан өту қорытындысы бойынша қызметкер нақты сот-сарапшылық мамандық бойынша сот сараптамасын жүргізу құқығына біліктілік емтиханын тапсыруға жіберіледі.