Об определении основных условий кредитования субъектов малого и среднего бизнеса за счет средств местного бюджета
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении основных условий кредитования субъектов малого и среднего бизнеса за счет средств местного бюджета
- Атауы (қаз.)
- Жергілікті бюджет қаражаты есебінен шағын және орта бизнес субъектілерін кредиттеудің негізгі шарттарын анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 151
- Қабылданған күні
- 30.04.2010
- Көрсетілген редакция
- 06.04.2012 52637_134445.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.04.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10C0003334
- ЭКБ идентификаторы
- 52637
- Редакция идентификаторы
- 52637_134445
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:15
0 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен шағын және орта бизнес субъектілерін кредиттеудің негізгі шарттарын анықтау туралы
Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 175, 180, 188-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен шағын және орта бизнес субъектілерін кредиттеудің негізгі шарттары қосымшаға сәйкес анықталсын.
2 2. «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесімен біріге отырып:
1 1) «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамымен шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру туралы кредиттік шарт жасасын;
2 2) кредиттік шартты тіркеуді, есепке алуды және мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р. К. Кемаловаға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Облыс әкімдігінің
2010 жылғы 30 сәуірдегі № 151
қаулысына қосымша
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен шағын және орта бизнес субъектілерін кредиттеудің негізгі шарттары
1 1. Кредит беру мақсаты – Шағын және орта бизнесті «Мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамын кредиттеу», 519 – «Өзге де ішкі бюджеттік кредиттеу» бағдарламасы бойынша қаржыландыру.
2 2. Мыналар бюджеттік кредиттеуге қатысушылар болып табылады:
кредитор – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес кредит беретін кредит шартының тарабы – «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ;
бағдарлама әкімшісі – «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ;
қарыз алушы-қаржы агенті – негізгі қарызды өтеу және сыйақыны төлеу, сондай-ақ, кредиттік шартқа сәйкес өзге де төлемдерді төлеу бойынша міндеттеме алатын кредиттік шарттың кредит алушы тарабы - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ;
соңғы қарыз алушы – Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын жеке және заңды тұлғалар (шағын және орта бизнес субъектілері).
3 3. Тараптар арасындағы өзара қарым-қатынас кредит шартымен реттеледі.
4 4. Бюджеттік кредиттер соңғы қарыз алушылар мынадай шарттар мен өлшемдерді сақтаған жағдайда ұсынылады:
1 1) бұрын берілген бюджеттік кредит бойынша қарызының жоқтығы;
2 2) соңғы есепті кезеңге салықтық төлемдер, міндетті зейнетақы жарналар мен әлеуметтік аударымдар бойынша қарыздарының болмауы;
3 3) бюджеттік кредит бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ете алуы.
4 4) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өлшемдерге сәйкес қарыз алушының несие қабілеттілігінің болуы.
5 5. Бюджеттік кредит Ақтөбе облыстық мәслихаты тиісті шешіміне сәйкес қарастырылған сомалар шегінде беріледі.
6 6. Бюджеттік кредит Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен беріледі.
7 7. Бір соңғы қарыз алушыға лимит - 300 000 000 (үш жүз миллион) теңгеге дейін.
8 8. Бюджеттік кредиттің берілу мерзімі:
кредит 84 айға дейінгі мерзімге беріледі;
бюджеттік кредит мерзімі бюджеттік кредит қаражаттарын бағдарлама әкімшісінің есепшотынан аударылған кезден бастап есептеледі.