Қолданыстағы ред. 26.04.2010

Аққыр ауылдық округіндегі "Дойна" көшесінің атауын өзгерту туралы от 26.04.2010 г. № 3 (Аққыр ауылдық округіндегі "Дойна" көшесінің атауын өзгерту туралы)

0

Аққыр ауылдық округіндегі "Дойна" көшесінің атауын өзгерту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес ауылдық округі халқының пікірін және Жалағаш ауданы әкімі жанындағы консультациялық-кеңесші орган комиссиясының 2010 жылғы 5 сәуірдегі N 3 ұйғарымы мен 2010 жылғы 5 сәуірдегі N 1 хаттамасы негізінде ШЕШЕМІН:

1

1. Аққыр ауылдық округіндегі "Дойна" көшесінің атауы "Шаймағанбет Есов" атындағы көше болып өзгертілсін.

2

2. Ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы С. Тәукеев осы шешімді іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

3

3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.