Аққыр ауылдық округіндегі "Дойна" көшесінің атауын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аққыр ауылдық округіндегі "Дойна" көшесінің атауын өзгерту туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес ауылдық округі халқының пікірін және Жалағаш ауданы әкімі жанындағы консультациялық-кеңесші орган комиссиясының 2010 жылғы 5 сәуірдегі N 3 ұйғарымы мен 2010 жылғы 5 сәуірдегі N 1 хаттамасы негізінде ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Аққыр ауылдық округіндегі "Дойна" көшесінің атауы "Шаймағанбет Есов" атындағы көше болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы С. Тәукеев осы шешімді іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.