Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об образовании областной постоянно действующей комиссии по повышению устойчивости функционирования объектов хозяйствования в военное время и в ЧС мирного времени

Өзге акт · № 41 · қабылданған 23.12.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-5266/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об образовании областной постоянно действующей комиссии по повышению устойчивости функционирования объектов хозяйствования в военное время и в ЧС мирного времени Күшін жойған 23.12.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об образовании областной постоянно действующей комиссии по повышению устойчивости функционирования объектов хозяйствования в военное время и в ЧС мирного времени

Күшін жойған Өзге акт № 41 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об образовании областной постоянно действующей комиссии по повышению устойчивости функционирования объектов хозяйствования в военное время и в ЧС мирного времени
Атауы (қаз.)
Соғыс кезінде және бейбіт кездегі тұтенше жағдайларда шаруашылық жүргізуші объектілер қызметінің орнықтылығын арттыру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін облыстық комиссияны құру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
41
Қабылданған күні
23.12.1999
Көрсетілген редакция
23.12.1999 5266_255165.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99K000054_
ЭКБ идентификаторы
5266
Редакция идентификаторы
5266_255165
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:45
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Соғыс кезінде және бейбіт кездегі төтенше жағдайларда шаруашылық жүргізуші объектілер қызметінің орнылықтығын арттыру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін облыстық комиссияны құру туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2004.05.14 N 44 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңының 5 және 9 баптарына сәйкес, соғыс кезінде және бейбіт кездегі төтенше жағдайларда тұрғындарды, азаматтарды және шаруашылық жүргізуші объектілерді қорғау жөніндегі шараларды өткізу мақсатында:

1. N 1 қосымшаға сәйкес құрамда соғыс кезінде және бейбіт кездегі төтенше жағдайларда шаруашылық жүргізуші объектілер қызметінің орнықтылығын арттыру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін облыстық комиссия құрылсын.

2. Соғыс кезінде және бейбіт кездегі төтенше жағдайларда шаруашылық жүргізуші объектілер қызметінің орнықтылығын арттыру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар туралы Ереже бекітілсін (N 2 қосымша).

3. Қалалар мен аудандардың әкімдері, АҚ және ТЖ қызметтерінің бастықтары, ұйымдар басшылары соғыс кезінде және бейбіт кездегі төтенше жағдайларда шаруашылық жүргізуші объектілер қызметінің орнықтылығын арттыру және жұмысшы құрамының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тиісті тұрақты жұмыс істейтін комиссияларды құрсын.

4. Қарағанды облыстық әкімшілігі басшысының 1995 жылғы 22 ақпандағы N 30 «Шаруашылық кешенінің объектілері қызметінің орнықтылығын арттыру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін облыстық комиссияның құрамын және Ережесін өзгерту туралы» қаулысының және Қарағанды облысы әкімінің 1996 жылғы 10 маусымдағы N 126 «Шаруашылық кешенінің объектілері қызметінің орнықтылығын арттыру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін облыстық комиссиясының құрамын өзгерту туралы» шешімінің күші жойылған деп танылсын.

5. Әкімінің осы шешімінің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары В.И.Пригодинге жүктелсін.

1 Шаруашылық жүргізуші объектілер қызметінің онықтылығын арттыру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін облыстық комиссиясының құрамы

Қарағанды облысы әкімінің
1999 ж. 23 желтоқсандағы
N 41 шешіміне № 1 қосымша
Шаруашылық жүргізуші объектілер қызметінің онықтылығын арттыру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін облыстық комиссиясының құрамы
Пригодин В.И. – облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Сыздықов Е.Қ. – экономика және кәсіпкерлікті дамыту Бас басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
комиссия мүшелері
Құсайынов Қ.Қ. – ТЖ жөніндегі Қарағанды облыстық басқармасы бастығының бірінші орынбасары
Қонақбаев Ғ.Қ. – облыстық құрылыс және ТКШ реформалау басқармасының бастығы
Пұшпақов А.Т. – облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының төтенше жағдайлар кезінде медициналық жәрдемді ұйымдастыру жөніндегі орынбасары
Алтынбеков Т.А. – ауыл шаруашылығы департаменті бастығының орынбасары
Щерба В.С. – «Испат-Кармет» АҚ өндірісін басқарушы
Баймұхаметов С.К. - «Испат-Кармет» АҚ көмір департаментінің техникалық директоры
Юн Р.Б. – «Қазақмыс корпорациясы» АҚ вице-президенті
Боровиков О.И. – «КРЭК» АТАҚ басқарушысы
Аманов Б.Р. – облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры
Градинар О.В. – «Қарағандыресурстары» АҚ бас директорының орынбасары
Оськин А.И. – Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесі бастығының орынбасары
Ниямбеков Б.С. – «Қазақавтожол» РМКК Қарағанды филиалының бас инженері
Ордабаев Т.Қ. – «Қарағандысушар» РМК директорының міндетін атқарушы

2 Соғыс кезінде және бейбіт кездегі төтенше жағдайларда шаруашылық жүргізуші объектілер қызметінің орнықтылығын арттыру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар туралы Ереже

Қарағанды облысы әкімінің
1999 ж. 23 желтоқсандағы
N 41 шешіміне № 2 қосымша
Соғыс кезінде және бейбіт кездегі төтенше жағдайларда шаруашылық жүргізуші объектілер қызметінің орнықтылығын арттыру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар туралы Ереже

I. Соғыс кезінде және бейбіт кездегі төтенше жағдайларда шаруашылық жүргізуші объектілер қызметінің орнықтылығын арттыру мәселелері бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссиялардың негігі міндеттері

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңына сәйкес шаруашылық жүргізуші объектілер қызметінің орнықтылығын аоттыру жөнідегі тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар облыста, қалаларда, аудандарда, облыстық АҚ, ТЖ қызметтерінде және ұйымдардың өздерінде басшы қызметкерлерден, бас мамандардан және АҚ, ТЖ қызметтерінің өкілдерінен құрылады.
Комиссиялар тиісті бірінші басшының (Азаматтық қорғаныс бастығының) ақылшы-кеңесші органы болып табылады.
Комиссияның құрамы тиісті әкімінің шешімімен немесе ұйымның бірінші бастығының бұйрығымен бекітіледі.
Комиссияның басты міндеті облыстық, қалалық, аудандық шаруашылық жүргізуші объектілерін соғыс кезінде және бейбіт кездегі төтенше жағдайларда орнықты қызмет істеуге мезгілінде дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
Комиссияға мына міндеттер жүктеледі:

1. Облыстың, қаланың, ауданның және ұйымның шаруашылық жүргізуші объектілері жұмысының орнықтылығын зерделеу, таңдау мен бақылау, және соның негізінде соғыс кезінде және бейбіт кездегі төтенше жағдайларда шаруашылық жүргізуші объектілері қызметінің орнықтылығын арттыру жөніндегі тиісті жұмысты ұйымдастыру үшін ұсынымдар әзірлеу.

2. Облыс, қала, аудан ұйымдарының соғыс кезінде және бейбіт кездегі төтенше жағдайларда шаруашылық жүргізуші объектілері қызметінің орнықтылығын арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу мен жүзеге асырудағы іс-қимылдарын үйлестіру.

3. Қалаларда, аудандарда және шаруашылық жүргізуді объектілерде орнықтылық мәселелерін зерттеу тұрғындады жаттығуларды әзірлеу және оларға қатысу.

4. Қалалық, аудандық орналвастыру схемаларын, жаңадан салынып және қайта жаңартылып жатқан кәсіпорындардың, коммуникациялардың және басқа ғимараттардың жобаларын қарау.

5. Қорғаныс ғимараттары құрылысының барысына, олардың ұсталуына және өндіріс мұқтаждықтары үшін пайдалануына бақылау жасау.

6. Облыстың шаруашылық жүргізуші объектілерінде және қалалар мен аудандарының аумағында қарсы жақтың қазіргі заманғы шабуылдау құралдарын қолданғаннан кейін және бейбіт кездегі төтенше жағдайлардың нәтижелерінде қалыптасқан ахуалды талдау және бағалау.

Өндірістік қызметті қамтамасыз ету және қайта қаопына келтіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу.

7. Комиссияның орнықтылық мәселелері бойынша жылдық жоспардарын әзірлеу, бағыныстағы бөлімшелерде шаралардың орындалуына бақылау жасау және жыл сайын 1 ақпан қарсаңында төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқармаға баяндау хаттарын ұсыну.

II. Соғыс кезінде және бейбіт кездегі төтенше жағдайларда шаруашылық жүргізуші объектілер қызметінің орнықтылығын арттыру мәселелері бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссиялардың құрамы

Комиссияның құрамы шаруашылық жүргізуші объектілердің құрылымына және олардың жұмыс ерекшелігіне байланысты.

1. Облыстық комиссиясының құрамы

Төраға – облыс әкімінің орынбасары.
Төрағаның орынбасары – экономика және кәсіпкерлікті дамыту бас басқармасының бастығы.
Комиссия мүшелері – бірінші басшылар және олардың орынбасарлары:
-ТЖ жөніндегі облыстық басқарманың;
-құрылыс және ТКШ реформалау басқармасының;
-облыстық телекоммуникациялар дирекциясының;
-«КРЭК» АТАҚ;
-ауыл шаруашылығы департаментінің;
-«Испат-Кармет» АҚ;
-«Испат-Кармет» АҚ көмір департаментінің;
-«Қазақмыс» Корпорациясы» АҚ;
-«Қарағандыресурстары» АҚ;
-облыстық денсаулық сақтау басқармасының;
-«Қазақавтожол» РМК Қарағанды филиалының;
-Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінің;
-«Қарағандысушар» РМК.

2. Қалалық (аудандық) комиссиясының құрамы

Төраға – қала (аудан) әкімінің орынбасары.
Төрағаның орынбасары – экономикалық қызметтің бастығы.
Комиссия мүшелері: жергілікті жағдайларға сай (6-8 адам) - Қалалық (аудандық) ұйымдардың бастықтары, АҚ және ТЖ басқармасының (бөлімінің) бастығы, басқа жауапты адамдар.

3. Облыстық, АҚ және ТЖ қызметтері комиссияларының құрамы

Төраға және оның орынбасары – облыстық , АҚ және ТЖ қызметтері бастығы орынбасарларының қатарынан.
Комиссия мүшелері: қызмет, шаруашылық жүргізуші объектілер ерекшелігіне сай (10 адамға дейін) – бас мамандар, объектінің , АҚ және ТЖ қызметінің бастығы және басқа жауапты адамдар.

4. Шаруашылық жүргізуші объектілердегі комиссиялардың құрамы.

Төраға және оның орынбасарлары – бірінші басшы орынбасарларының қатарынан.
Комиссия мүшелері: объектінің жұмыс ерекшелігіне сай (10 адамға дейін) – жетекші мамандар, АҚ, ТЖ қызметтерінің бастығы және басқа жауапты адамдар.
Комиссия топтарының құрамында жұмыс істеу ұшін ведомствоға бағынысты ғылыми-зерттеу институттарының мамандары тартылуы мүмкін.

III. Комиссия жұмысының тәртібі

Комиссиялар жұмысы негізгі өндірістік қызметтен қол үзбей тиісті басшы бекіткен жоспар бойынша жүргізіледі, оған келесі мәселелер енгізілуі мүмкін:
-облыстың, қалалар мен аудандардың шаруашылық жүргізуші объектілерінің тіршілік қызметін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың, салалардың және аса маңызды коммуникациялардың орнықтылығын зерделеу және бағалау;
-Соғыс кезінде және бейбіт кездегі төтенше жағдайларда шаруашылық жүргізуші объектілер қызметінің орнықтылығын арттыру жөніндегі шаралардың өткізілуін ескере отырып шаруашылық жүргізуші объектілерді дамытудың жылдық бизнес-жоспарларын қарау;
-орнықтылықты арттыру жөніндегі ұйымдық және инженерлік-техникалық шараларды әзірлеуге, зерттеу жұмыстарын жүргізуге басшылық және жоспарлы тапсырмаларды орындау;
-облыстың, қалалардың, аудандар мен салалардың шаруашылық жүргізуші объектілерінің орнықтылығын арттыру жөнінде бейбіт кезде жүргізілетін негізгі жұмыстарының жинақтық жоспарын жасау және оны тиісті әкімнің өкімімен немесе бірінші басшының бұйрығымен бекіту;
-Соғыс кезінде және бейбіт кездегі төтенше жағдайларда шаруашылық жүргізуші объектілер қызметінің орнықтылығын арттыру жөніндегі арнаулы сабақтарды, конференцияларды, жаттығуларды өткізу.
Тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар жылына кемінде 2 рет облыстағы, қалалардағы және шаруашылық жүргізуші объектілердегі істің жай-күйін қарайды. Мәжіліске ведомствоға бағынысты органдардың немесе ұйымдардың басшылары шақырылады.