О порядке отбора работодателей предлагающих организацию социальных рабочих мест
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О порядке отбора работодателей предлагающих организацию социальных рабочих мест
- Атауы (қаз.)
- Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 396/5
- Қабылданған күні
- 04.05.2010
- Көрсетілген редакция
- 23.08.2011 AI52692_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.08.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10PC000266
- ЭКБ идентификаторы
- 52692
- Редакция идентификаторы
- AI52692_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:14
0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1-бабының 4-тармағына сәйкес, халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналыстыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеуді ұйымдастыру мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
2 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеудің мынадай тәртібі белгіленсін:
1 1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс беруші жұмыс түрлері мен ауқымын, мөлшері мен еңбек шартын көрсете отырып, "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тапсырыс береді;
2 2) "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С. Ә. Арыстанов):
комиссияның қарауына құжаттар дайындауды іске асырады:
нысаналы топқа жататын жұмыссыздарды, соның ішінде жастар тәжірибесінен өту үшін қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруда жұмыс берушілерге әдістемелік көмек көрсетеді;
комиссия шешімінің негізінде әлеуметтік жұмыс орындарын кұру шартын, оларға жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру тәртібін анықтайтын және каржыландыратын ұйымдарды ұсынатын жұмыс берушілермен комиссия шешімінің негізінде келісімшарт жасайды;
әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналыстыру үшін іріктеуден өткен жұмыссыздарды ұйымдар мен кәсіпорындарға жібереді.
3 3. 2-қосымшаға сәйкес Екібастұз қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ғ. А. Оспанқұловқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі жөніндегі комиссия құрамы
Екібастұз қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 4 мамырдағы
№ 396/5 қаулысына
1-қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды
ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі
жөніндегі комиссия құрамы
Ғабидолла Абдоллаұлы Оспанқұлов
- Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
Әлия Қоқышқызы Базарбаева
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы, Комиссия төрағасының орынбасары;
Әсем Ерсайынқызы Тұрдыбекова
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия хатшысы;
Комиссия мүшелері:
Жаңылсын Ералықызы Хамитова
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы;
Кенжебек Дүйсенбайұлы Дүйсенбаев
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы;
Лариса Павловна Векшина
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы;
Болат Қайыржанұлы Құспеков
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы;
Гүлмира Мақсұтқызы Мәкішева
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыспен қамту секторы меңгерушісінің міндетін атқарушы, Комиссия мүшесі.
9 Екібастұз қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
Екібастұз қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 4 мамырдағы
№ 396/5 қаулысына
2-қосымша
Екібастұз қаласы әкімдігінің күші жойылған
кейбір қаулыларының тізбесі
1
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы" № 754/12 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 12-3-213 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтарда № 5 "Отарқа" және "Вести Екибастуза" газеттерінде жарияланған).
2
2. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 6 мамырдағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы" № 754/12 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 261/5 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 12-3-230 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 21 мамырда № 21 "Отарқа" және "Вести Екибастуза" газеттерінде жарияланған).
3
3. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 маусымдағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы" № 754/12 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 355/7 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 12-3-236 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 23 шілдеде № 30 "Отарқа" және "Вести Екибастуза" газеттерінде жарияланған).
4
4. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы" № 754/12 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 799/12 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 12-3-248 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 6 қаңтарда "Отарқа" және "Вести Екибастуза" газеттерінде жарияланған).