Құжат мәтініне өту

О реорганизации Государственного учреждения "Казахская республиканская санитарно-эпидемиологическая станция" Комитета государственного санитарно-эпидемиологического надзора Министерства здравоохранения Республики Казахстан

Қаулы · № 462 · қабылданған 25.05.2010
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-52713/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О реорганизации Государственного учреждения "Казахская республиканская санитарно-эпидемиологическая станция" Комитета государственного санитарно-эпидемиологического надзора Министерства здравоохранения Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 462 ·25.05.2010
28.08.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О реорганизации Государственного учреждения "Казахская республиканская санитарно-эпидемиологическая станция" Комитета государственного санитарно-эпидемиологического надзора Министерства здравоохранения Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 462 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реорганизации Государственного учреждения "Казахская республиканская санитарно-эпидемиологическая станция" Комитета государственного санитарно-эпидемиологического надзора Министерства здравоохранения Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Қазақ республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
462
Қабылданған күні
25.05.2010
Көрсетілген редакция
28.08.2015 AI52713_4.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000462_
ЭКБ идентификаторы
52713
Редакция идентификаторы
AI52713_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:07

0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Қазақ республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Қазақ республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы» мемлекеттік мекемесі қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып (бұдан әрі - кәсіпорын) қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Мыналар:

1 1) кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті;

2 2) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін;

2 2) кәсіпорынды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

11 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 25 мамырдағы
№ 462 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер

1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

2 2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1125 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 42, 534-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Мемлекеттік мекемелер» деген бөлімдегі реттік нөмірі 1-жол алып тасталсын;
«Мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 28-жолмен толықтырылсын:

28 «28. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны».

3 3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

4 4. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
13-бөлімде:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген жолда 3-бағандағы «10 393» деген сандар «9 764» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:» деген жолда 3-бағандағы «3601» деген сандар «2972» деген сандармен ауыстырылсын;
Мына:
«Қазақ республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы 250»,
«Әуе көлігіндегі санитарлық-эпидемиолигиялық сараптаманың Оңтүстік-Шығыс өңірлік орталығы 26»,
«Әуе келігіндегі санитарлық-эпидемиолигиялық сараптаманың Солтүстік-Батыс өңірлік орталығы 11»,
«Темір жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың Оңтүстік-Шығыс өңірлік орталығы 131»,
«Темір жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың Солтүстік-Орталық өңірлік орталығы 121»,
«Темір жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың Батыс өңірлік орталығы 90» деген жолдар алып тасталсын.

Қолданыстағы