Құжат мәтініне өту

О мерах по совершенствованию оказания сурдологической помощи населению Республики Казахстан

Бұйрық · № 263 · қабылданған 15.04.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 03.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-52734/on/2026-09-03/
Басып шығарылды 2026-09-03 · adilet.kz
О мерах по совершенствованию оказания сурдологической помощи населению Республики Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 263 ·15.04.2010
06.06.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
03.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О мерах по совершенствованию оказания сурдологической помощи населению Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 263 · 03.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О мерах по совершенствованию оказания сурдологической помощи населению Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
263
Қабылданған күні
15.04.2010
Көрсетілген редакция
06.06.2024 52734_705962.kaz
Соңғы өзгеріс
06.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006231_
ЭКБ идентификаторы
52734
Редакция идентификаторы
52734_705962
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:27

0 Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ереже бекітілсін.

2 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша) осы бұйрықты басшылыққа алсын және мыналарды:

1 1) Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсетуді;

2 2) жаңа туған нәрестелер мен ерте балалық шақтағы есту органдарын міндетті скринингтік тексеруді ұйымдастыруды және жүргізуді;

3 3) балалар мен ересектердің есту қабілетінің бұзылуларын объективті зерттеу әдістерімен диагностикалауды енгізуді;

4 4) балалар мен жасөспірімдерді қазіргі заманғы есту аппараттарын қондыруға уақтылы жіберуді;

5 5) есту қабілеті қатты бұзылған балалар мен ересектерді балаларды кохлеарлық имплантаттауға жіберуді;

6 6) есту протезін қондыру кезінде балалар мен жасөспірімдердің, сондай-ақ, кохлеарлық имплантацияға дейін және одан кейін балалар мен жасөспірімдердің үйлесімді есту-сөйлеуін оңалтуды;

7 7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс сурдологына есепті жылдың 25 желтоқсанына дейін осы бұйрықтың орындалу барысы туралы жыл сайынғы ақпарат беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (Нұрғазиев Қ.Ш.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ереже

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2010 жылғы 15 сәуірдегі
№ 263 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ереже

1

1. Осы Ереже «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес әзірленді және меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдардың міндеттерін, функцияларын, құқықтық және ұйымдастыру негіздерін айқындайды.

2 2. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдар есту органдарының бұзылыстары бар адамдарды анықтауға, емдеуге, медициналық және есту-сөйлеу қабілетін оңалтуға бағытталған іс-шараларды уақтылы өткізу мақсатында ұйымдастырылады.

3 3. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдардың жұмысын штаттан тыс бас сурдолог маман (республикалық, облыстық, қалалық) үйлестіреді.

4 4. Сурдологиялық көмек өзіне есту органдарының патологиясы бар адамдарды уақтылы анықтауды, емдеуді, есту органдарын протездеуді, есту-сөйлеу қабілетін оңалтуды, арнайы түзету-педагогикалық көмекті қамтиды.

5 5. Халыққа сурдологиялық көмек консультациялық-диагностикалық және/немесе стационарлық медициналық көмек түрінде көрсетіледі.

6 6. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері:

1 1) жатырлық даму кезеңін қоса алғанда, балалар мен ересектердің арасындағы есту органдары ауруларының алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;

2 2) жаңа туған балалар мен ерте шақтағы балаларға скринингтік тексеруді енгізу және жүргізу жолымен жаңа туған кезеңнен бастап балалардың есту патологиясы мен бұзылыстарын анықтау;

3 3) емдеудің барлық кезеңдерінде сабақтастықты сақтай отырып, ерте шақтағы балалардың есту бұзылыстарын емдеуді және түзетуді уақтылы бастау;

4 4) емдеудің консервативтік әдістерін, медициналық-педагогикалық оңалтуды қамти отырып есту және сөйлеу бұзылыстары бар адамдарды, есту және сөйлеу бұзылыстары бар балаларды уақытылы медициналық оңалту;

5 5) естуді жеке протездеу;

6 6) кохлеарлық имплантация.

7 7. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдарда мына көмектер жүзеге асырылады:

1 1) зерттеудің қазіргі заманғы әдістемелерін қолдана отырып сурдологиялық консультациялық-диагностикалық көмек көрсету;

2 2) есту бұзылыстарын психофизикалық зерттеу әдістерімен диагностикалау (мінез-құлықтық аудиометрия);

3 3) есту бұзылыстарын объективті зерттеу әдістерімен диагностикалау (потенциалдар арқылы болған отоакустикалық эмиссияны тіркеу, акустикалық импедансометрия);

4 4) есту органдарын протездеу (есту аппаратын жеке таңдау, жеке құлақ салымшаларын дайындау, есту аппаратына бейімделу);

5 5) кохлеарлық имплантация (кандидаттарды операцияға іріктеу, операция, сөйлеу процессорын қосу және күйге келтіру);

6 6) есту бұзылыстары бар адамдарды динамикалық бақылау;

7 7) естуді протездеудің сәйкестігін қадағалау;

8 8) есту-сөйлеу қабілетін оңалту (сөйлеу мен есту қабілетін дамыту).

8

8. Сурдологиялық көмек консультациялық-диагностикалық көмек мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін ұйымдардың базасында cурдологиялық кабинет құрылымдық бөлімше ретінде халыққа (ересектер мен балалар) мамандандырылған медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының базасында (облыстық, қалалық) ұйымдастырылады.

9 9. Тереңдетілген сурдологиялық және аудиологиялық зерттеулер есту кемістігінің дәрежесін анықтау және есту органдарын протездеудің, кохлеарлық имплантацияның, естуді жақсарту операцияларының, есту-сөйлеу қабілетін оңалтудың қажеттігін уақтылы шешу мақсатында жүргізіледі.

10 10. Cурдологиялық кабинеттің осы Ереженің қосымшасына сәйкес жабдықтардың ең төменгі тізбесімен қамтылады.

11 11. Республикалық сурдологиялық кабинет өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) сурдологиялық кабинеттерге халыққа сурдологиялық көмек көрсету бойынша ұйымдастыру-әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді.

12 12. Халыққа көп бейінді, оның ішінде оториноларингология бейіні бойынша мамандандырылған және жоғары мамандандырылған стационарлық көмек көрсететін (республикалық, облыстық, қалалық, аудандық) денсаулық сақтау ұйымы да сурдологиялық көмек көрсете алады.

13 13. Есту органдарының патологиясы бар сырқаттарға мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары мүдделі мамандардың қатысуымен алдын ала консультация өткізіп, одан кейін кохлеарлық операцияға жататын пациенттерді іріктеу жүргізеді.

1 Сурдологиялық кабинетке арналған жабдықтардың ең аз тізбесі

Қазақстан Республикасының халқына
сурдологиялық көмек көрсететін
ұйымдар туралы ережеге
қосымша
Сурдологиялық кабинетке арналған жабдықтардың ең аз тізбесі

Жаб­дық­тың ата­уы
Са­ны (да­на/ жиын­тық)
1
2
3
Ди­а­гно­сти­ка­лық жаб­дық­тар
1.
Үн­дес және сөй­леу ті­лі­нің аудио­мет­ри­я­сын жүр­гізу­ге ар­нал­ған ка­би­нет
1.1
Ішіне ор­на­ты­л­ған кү­шейт­кі­ші бар Print View 1.15 бағ­дар­ла­ма­лық қам­сыздан­ды­ры­луы, ком­пью­тер мен прин­тер­ге қо­су­ға ар­нал­ған ка­бе­лі бар кли­ни­ка­лық аудио­метр (үн­дес ауа және сүй­ек аудио­мет­ри­я­сы, жо­ға­ры жи­і­лік­ті аудио­мет­рия, бос ды­быс ала­ңын­да­ғы аудио­мет­рия, сөй­леу ті­лі­нің аудио­мет­ри­я­сы, аудио­мет­рия нәти­же­ле­рін прин­тер­мен ба­сып шы­ға­ру)
1
1.2
Ер­кін ды­быс ала­ңын­да­ғы аудио­мет­ри­я­ға ар­нал­ған ко­лон­ка­лар
3
1.3
Ер­кін ды­быс ала­ңын­да­ғы аудио­мет­ри­я­ға ар­нал­ған түр­лі-тү­сті па­нель­дер
3
1.4
Ой­ын аудио­мет­рі
1
1.5
Ер­те шақ­та­ғы ба­ла­лар­дың есту қа­бі­ле­тін зерт­те­у­ге ар­нал­ған пе­ди­ат­ри­я­лық аудио­метр
1
1.6
Ка­мер­тон­дар жи­на­ғы (С64-С4000)
1
1.7
Се­кун­до­мер
1
1.8
Ком­пью­тер прин­те­рі­мен
1
2.
Функ­ци­о­нал­дық ди­а­гно­сти­ка ка­би­не­ті
1
2.1
Ото­аку­сти­ка­лық эмис­си­я­ны тір­кеу мо­ду­лі­мен, дер­бес ком­пью­тер мен ар­найы ком­пью­тер­лік қо­сым­ша ба­за­сын­да жа­ңа туы­л­ған нә­ре­сте­лер­дің есту қа­бі­ле­тін скри­нинг­те­у­ге ар­нал­ған мо­дуль­мен бір­ге ми қа­бығ­ы­ның қай­та­ры­л­ған есту по­тен­ци­ал­да­рын (КЕП) тір­ке­удің аудио­мет­ри­я­лық мо­ду­лі
1
2.2
Кли­ни­ка­лық тим­па­но­метр/им­пе­дан­со­метр
1
2.3
Қай­та­ры­л­ған ото­аку­сти­ка­лық эмис­си­я­ны тір­кеу қон­дыр­ғы­сы
1
ЛОР ас­пап­та­ры мен жаб­дық­тар­дың ең аз жи­на­ғы
1.1
Құ­лақ во­рон­ка­ла­ры
10
1.2
Әр­түр­лі сүң­гі­лер
5
1.3
Құ­лақ­қа ар­нал­ған іс­тік пин­цет­тер
3
1.4
Зиг­ле во­рон­ка­ла­ры
2
1.5
Бүй­рек тә­р­із­дес аста­у­ша­лар
5
1.6
Маң­дай ре­флек­то­ры
2
1.7
Ото­скоп
2
1.8
Сте­рил­ден­ген ма­те­ри­ал­дар­ға ар­нал­ған бикс­тер
1
1.9
Спир­тов­ка
2
1.10
ЛОР үсте­лі
1
1.11
Кварц­те­у­ге ар­нал­ған шам
1
1.12
Үстел ша­мы
2
1.13
Па­ци­ент крес­ло­сы
1
Оқу-оңал­ту жаб­дық­та­ры мен ас­пап­та­ры
1.1
Же­ке есту-сөй­леу тре­на­же­ры
1
1.2
Дер­бес ком­пью­тер ба­за­сын­да­ғы сур­до­пе­да­го­ги­ка­лық тре­на­жер
1
1.3
Му­зы­ка­лық ор­та­лық
1
1.4
Ло­го­пед­тік зондтар жи­на­ғы
1
1.5
Қа­быр­ға ай­на­сы
1
1.6
Үстел ай­на­сы
1
1.7
Мек­теп тақ­та­сы
1
1.8
Сур­до­пе­да­гог, ло­го­пед ка­би­нет­те­ріне ар­нал­ған ди­а­гно­сти­ка­лық, ди­дак­ти­ка­лық және ой­ын ма­те­ри­ал­да­ры­ның жиын­тығы
1
Нев­ро­па­то­лог дә­рі­гер­дің жаб­дық­та­ры мен ас­пап­та­ры­ның жиын­тығы
1
1.1
Нев­ро­ло­ги­я­лық бал­ға
1
1.2
Жа­нар­дың жа­рық­қа әсе­рін зерт­те­у­ге ар­нал­ған нев­ро­ло­ги­я­лық қол шам
1
Пси­хо­лог­тың ди­а­гно­сти­ка­лық жаб­дық­та­ры­ның жиын­тығы
1
1.1
Пси­хи­ка­лық функ­ци­я­лар­ды зерт­те­у­ге ар­нал­ған әді­сте­ме­лік ма­те­ри­ал­дар
1

Қолданыстағы