Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил любительского (спортивного) рыболовства в охранной зоне Маркакольского государственного природного заповедника, для нужд местного населения

Бұйрық · № 289 · қабылданған 26.04.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-52738/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил любительского (спортивного) рыболовства в охранной зоне Маркакольского государственного природного заповедника, для нужд местного населения Күшін жойған Бұйрық ·№ 289 ·26.04.2010
05.10.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.10.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил любительского (спортивного) рыболовства в охранной зоне Маркакольского государственного природного заповедника, для нужд местного населения

Күшін жойған Бұйрық ·№ 289 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил любительского (спортивного) рыболовства в охранной зоне Маркакольского государственного природного заповедника, для нужд местного населения
Атауы (қаз.)
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзет аймағында жергілікті тұрғындардың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулау ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
289
Қабылданған күні
26.04.2010
Көрсетілген редакция
05.10.2012 AI52738_2.kaz
Соңғы өзгеріс
05.10.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006250_
ЭКБ идентификаторы
52738
Редакция идентификаторы
AI52738_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:17

0 Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзет аймағында жергілікті тұрғындардың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулау ережесін бекіту туралы

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзет аймағында жергілікті тұрғындардың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулау ережесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Марат Әбілахатұлы Оразаевқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық ол бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзет аймағында жергілікті тұрғындардың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулау ережесі

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 26 сәуірдегі
№ 289 бұйрығымен бекітілген
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзет аймағында жергілікті тұрғындардың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулау ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзет аймағында жергілікті тұрғындардың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулау ережесі (бұдан әрі - Ереже) 2006 жылғы 7 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 6)-тармақшасына сәйкес әзірленді және Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзет аймағында жергілікті тұрғындардың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулау тәртібін айқындайды.

2 2. Қорықта әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қорық әкімшілігі осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес арнайы бөлінген учаскелерде ұйымдастырады.

3 3. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау арнайы бөлінген учаскелерде бағалы балық түрлерінің 1 мамырдан 1 шілдеге дейінгі уылдырық шашу кезеңінен басқа, 1 ақпаннан 31 желтоқсанға дейін жүргізіледі.

4

4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган және/немесе оның аумақтық органдары ғылыми ұйымдармен келісім бойынша балық аулауды бастауды неғұрлым ерте немесе кеш мерзімге, бірақ балық аулау мерзімінің жалпы ұзақтығы шегінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдайды.

2 2. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау тәртібі

5 5. Әуесқойлық (спорттық) балық аулауға балық аулаушыда жеке басты куәландыратын құжаттар және әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама (бұдан әрі – жолдама) болған жағдайда жол беріледі.

6 6. Осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жолдама және түбіртекті қорық әкімшілігі береді және осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорық әкімшілігінің нөмірленген, тігілген және мөр басылған қорықта әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдамалар беру журналына тіркейді.

7 7. Жолдамалар нөмірленеді және қатаң есептілік құжаты болып табылады.

8

8. Жолдама ауылдық округтің әкімі беретін тұрғылықты жері туралы анықтама және Қазақстан Республикасының салық заңнамасы белгілеген ставкалар бойынша жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін ақы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін ақы төленгенін растайтын құжаттар болған жағдайда беріледі.

9 9. Жолдама 7 күнге дейін мерзімге беріледі, бір жолдамаға ауланатын балық көлемі 5 килограмнан аспайды.

10 10. Жоғалған және пайдаланылмаған жолдама қалпына келтірілмейді және ұзартылмайды.

11 11. Балық аулаушы әуесқойлық (спорттық) балық аулау басталар алдында қорықтың бақылау бекетінде тіркелу үшін осы Ереженің 6-шы тармағына сәйкес қажетті құжаттарды тапсырады.

12 12. Арнайы бөлінген әуесқойлық (спорттық) балық аулау учаскелері жергілікті жерде әуесқойлық (спорттық) балық аулау орындары туралы ақпараты бар көрсеткіш таңбалармен белгіленеді.

13 13. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау барлық жүйе мен атаудың (жылтырауық темір, қармақ, жерлицалар, спиннингтер) бір балық аулаушыға 5-тен аспайтын ілгекті қармақтары мен жүргізіледі.

14 14. Балық аулаушы осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес жолдаманың сыртқы бетіндегі кестенің тиісті бағандарын толтырып, ауланған балықтың мөлшері мен түрлері туралы мәліметтер енгізеді.

15 15. Балық аулаушының ауланған балығы бақылау бекетінде қорықтың мемлекеттік инспекторына көрсетіледі, ол жолдамаға енгізілген мәліметтердің дұрыстығын тексеріп, қол қою арқылы куәландырады. Бұл белгі ауланған балықты алып кетуге негіз болып табылады.

1 Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзет аймағында жергілікті тұрғындардың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген учаскелерінің тізбесі

Марқакөл мемлекеттік табиғи
қорығының күзет аймағында
жергілікті тұрғындардың
мұқтажы үшін рұқсат етілетін
әуесқойлық (спорттық) балық
аулау ережесіне 1-қосымша
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзет аймағында жергілікті тұрғындардың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген учаскелерінің тізбесі

1 1. № 1 учаске. Балық аулау аймағы Урунхайка селосында қорықтың оңтүстік учаскесі – Жуков омартасы және солтүстік-шығысқа қарай шекарадан Тихушка өзенінің сағасындағы шығыс шекараға дейін шығысқа қарай өтетін сызықта орналасқан.

2 2. № 2 учаске. Балық аулау аймағы Матабай селосында орналасқан. Учаскенің батыс шекарасы Матабай мүйісі нүктесінде Марқакөл көлінің жағалау жиегімен, шығыс шекарасы - Третий ключ өзенінің сағасымен жанасады.

3 3. № 3 учаске. Балық аулау аймағы Қарағайлыбұлақ (Төменгі Еловка) селосында орналасқан. Шығыс шекарасы Қарағайлыбұлақ (Төменгі Еловка) өзенінің сағасымен, батыс шекарасы – Көктерек өзенінің шеткі батыс тармағының сағасымен жанасады.

4 4. № 4 учаске. Балық аулау аймағы Жоғарғы Еловка селосында орналасқан. Батыс шекарасы Жоғарғы Еловка өзенінің сағасымен, шығыс шекарасы - Жоғарғы Еловка мүйісімен жанасады.

2 Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзет аймағында жергілікті тұрғындардың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама

Марқакөл мемлекеттік табиғи
қорығының күзет аймағында
жергілікті тұрғындардың
мұқтажы үшін рұқсат етілетін
әуесқойлық (спорттық) балық
аулау ережесіне 2-қосымша
Нысан
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзет аймағында жергілікті тұрғындардың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі
Ор­ман және аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы ко­ми­те­ті
ТҮ­БІР­ТЕК № ____
«Мар­қа­көл мем­ле­кет­тік та­би­ғи қо­ры­ғы» ММ
Кім­ге бе­ріл­ді
_____________________
(Т.А.Ж.)
Мөл­ше­рі _____ (кг)
Ба­лық тү­рі
_____________________
Су бө­ге­ні мен учас­ке­нің ата­уы
_____________________
Кө­лік
_____________________
(тү­рі, мар­ка­сы,
мем­ле­кет­тік нө­мір
бел­гі­сі)
Қол­да­ны­лу мер­зі­мі:
«_» _____ 200__ж. ба­стап
«_» _____ 200__ж. дей­ін
Бе­рі­л­ген кү­ні «__»______ 200_ ж.
Жол­да­ма­ны ал­дым, Ере­же­лер­мен та­ны­стым
_____________________
(Ба­лық­шы­ның Т.А.Ж., қо­лы)
Жол­да­ма­ны бер­ген
_____________________
(Т.А.Ж.)
_______(қо­лы)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі
Ор­ман және аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы ко­ми­те­ті
ЖОЛ­ДА­МА №_______
«Мар­қа­көл мем­ле­кет­тік та­би­ғи қо­ры­ғы» ММ
Кім­ге бе­ріл­ді
_________________
(Т.А.Ж.)
Мөл­ше­рі_____ (кг)
Ба­лық тү­рі______
Су бө­ге­ні мен учас­ке­нің ата­уы­____
Кө­лік _____________
(тү­рі, мар­ка­сы, мем­ле­кет­тік нө­мір бел­гі­сі)
Қол­да­ны­лу мер­зі­мі:
«__» _____ 200__ж. ба­стап
«__» _____ 200__ж. дей­ін
Бе­рі­л­ген кү­ні «__»________ 200_ж.
МТҚ ау­ма­ғы­на кі­ру ке­зін­де кө­лік­ті тек­сер­ген ме­м­ин­спек­тор _____
(Т.А.Ж., қо­лы)
МТҚ ау­ма­ғы­нан шы­ғу ке­зін­де кө­лік­ті және аулан­ған ба­лық­ты тек­сер­ген ме­м­ин­спек­тор
____________________
(Т.А.Ж., қо­лы)
ЖОЛ­ДА­МА­НЫҢ сырт­қы бе­ті
Ба­лық аулау ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Кү­ні
Ба­лық тү­рі
Мөл­ше­рі (ки­ло­грамм)
Жиы­ны:
Ба­лық аула­у­шы
____________________
(Т.А.Ж.) (қо­лы)

3 Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзет аймағында жергілікті тұрғындардың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдамалар беру журналы

Марқакөл мемлекеттік табиғи
қорығының күзет аймағында тұратын
жергілікті халықтың қажеттілігі үшін
рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық)
балық аулау ережесіне 3-қосымша
Нысан
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзет аймағында жергілікті тұрғындардың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдамалар беру журналы
р/с №
Ба­лық аула­у­шы­ның Т.А.Ж.
Ба­лық аула­у­шы­ның тұр­ғы­лық­ты же­рі
Жол­да­ма бе­рі­л­ген күн
Жол­да­да­ма нө­мі­рі
Жол­да­ма­ның қол­да­ны­лу мер­зі­мі
Су бө­ге­ні мен учас­ке­нің ата­уы
Ба­лық тү­рі
Мөл­ше­рі
Ба­лық аула­уды ба­қы­лай­тын адам (Т.А.Ж.)
Қол­да­ры
да­на
ки­ло­грамм
Жол­да­ма бе­ру­ші­нің
Жол­да­ма алушы­ның
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13

Қолданыстағы