О дополнительных мерах по социальной защите инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О дополнительных мерах по социальной защите инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектерді әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 354
- Қабылданған күні
- 22.04.2010
- Көрсетілген редакция
- 06.02.2014 52744_193026.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.02.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10NB000159
- ЭКБ идентификаторы
- 52744
- Редакция идентификаторы
- 52744_193026
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:19
0 Мүгедектерді әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 1-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабына сәйкес, "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санатарына әлеуметтік көмек көрсету" бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Рудный қаласында, Перцев, Горняцк кенттерінде, Железорудная стансасында тұратын, тірек-қозғалыс аппаратының функциясы бұзылған бірінші, екінші топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға, сондай-ақ оларды сүйемелдеп жүретін тұлғаларға мүгедектердің кіріп-шығуына бейімделген автомобиль көлігімен тегін көліктік қызмет түрінде әлеуметтік көмектің қосымша түрі көрсетілсін.
2 2. Мыналар анықталсын:
1 1) тегін көліктік қызмет түрінде әлеуметтік көмектің қосымша түрі тірек-қозғалыс аппаратының функциясы бұзылған бірінші, екінші топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға (бұдан әрі-мүгедектер), сондай-ақ оларды сүйемелдеп жүретін тұлғаларға көрсетіледі;
2
2) тегін көліктік қызмет мүгедектерге жедел (шұғыл) медициналық көмекті көрсету үшін емдеу мекемелеріне жеткізуден басқа, Рудный қаласы, Перцев, Горняцк кенттері, Железорудная стансасы аумағы шегінде мүгедектердің кіріп-шығуына бейімделген автокөлікпен әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне, тұрғын үй, қоғамдық және өндірістік ғимараттар мен құрылымдарға бару үшін көрсетіледі;