Құжат мәтініне өту

О регистрации и перерегистрации малочисленных религиозных групп

Қаулы · № 524 · қабылданған 16.02.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-52753/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О регистрации и перерегистрации малочисленных религиозных групп Күшін жойған Қаулы ·№ 524 ·16.02.2010
15.11.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.11.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О регистрации и перерегистрации малочисленных религиозных групп

Күшін жойған Қаулы ·№ 524 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О регистрации и перерегистрации малочисленных религиозных групп
Атауы (қаз.)
Шағын діни топтарды тіркеу және қайта тіркеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
524
Қабылданған күні
16.02.2010
Көрсетілген редакция
15.11.2011 AI52753_4.kaz
Соңғы өзгеріс
15.11.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10VL000103
ЭКБ идентификаторы
52753
Редакция идентификаторы
AI52753_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:01

0 Шағын діни топтарды тіркеу және қайта тіркеу туралы

Ауданда қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау мүддесінде діни ұйымдармен өзара іс-қимылды нығайту мақсатында әкімдік Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару өзін-өзі басқару туралы» заңы 31 бабының 2 тармағы, Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңы 6-2 бабының 2) тармақшасы негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Заңды тұлғаның белгілері жоқ, шағын діни топтарды есептік тіркеуді және қайта тіркеу жүргізу бойынша уәкілетті орган болып, «Зырян ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ анықталсын.

2 2. Заңды тұлғаның белгілері жоқ, шағын діни топтарды есептік тіркеу бойынша нұсқаулық бекітілсін.

3 3. Аталған қаулының орындалуына бақылау Зырян ауданы әкімінің орынбасары Э. Гейгерге жүктелсін.

4 4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн мерзімі өткеннен кейін әрекетке енгізілсін.

5 Заңды тұлғаның белгілері жоқ, шағын діни топтарды есептік тіркеу және қайта тіркеу жөніндегі нұсқау

Зырян ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 16 ақпандағы
№ 524 қаулысымен бекітілген
Заңды тұлғаның белгілері жоқ, шағын діни топтарды есептік
тіркеу және қайта тіркеу жөніндегі нұсқау

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Нұсқау заңды тұлғаның белгілері жоқ, шағын діни топтарды есептік тіркеу және қайта тіркеу жөніндегі қызметін регламенттейді.

2 2. Заңды тұлғаның белгілері жоқ, шағын діни топтарды есептік тіркеу және қайта тіркеу «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

3 3. Заңды тұлғаның белгілері жоқ, шағын діни топтарды есептік тіркеуді және қайта тіркеу діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі аудан, қалалар әкімдерінің аппараттарының уәкілетті органы жүргізеді (бұдан кейін – тіркеуші органдар).

4 4. Есептік тіркеуге жататын, шағын діни топ болып заңды тұлғасы жоқ жергілікті діни қауым болып танылады, оның мүшелерінің саны 10-ға  дейін кәмелетке жеткен азаматтар.

5

5. Заңды тұлғаның белгілері жоқ, шағын діни топтарды есептік тіркеу және қайта тіркеу осы субъектілердің діни қызметті жүзеге асыруда заңдылық берудің тәсілі болып табылады және ол шағын діни топ туралы мәліметтерді тіркеуші органның тіркеу және қайта тіркеу жұрналына енгізу жолымен іске асады. Есептік тіркеуден өткені туралы ресми растаушы, тіркеуші орган берген анықтама болып табылады.

6 6. Заңды тұлғаның шағын діни тобы, оны тіркеуші органда есептік тіркеуге қойған сәттен бастап діни қызметін жүзеге асыру құқығына ие болады.

2 2. Шағын діни топтарды есептік тіркеу және қайта тіркеу

7

7. Шағын діни топтарды есептік тіркеу және қайта тіркеу құрылатын топтың қажетті құжаттарының әрекет етіп тұрған Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкестігін тексеруден, діни топ туралы мәліметтерді есеп жұрналына енгізуден және осы Нұсқаудың 1 ережесіне сай есепке қойылғаны туралы анықтама беруден тұрады.

8 8. Есептік тіркеу және қайта тіркеу өту үшін діни топ аудан әкімдігіне:

1 1) осы Нұсқаудың 2 ережесіне сай діни қауым атауы, ұстанған діни бағыты, орналасқан жері, топтың жетекшісі, жайында мәліметтер, ғибадат үйінің бар-жоқтығы және оның шегінде өз қызметін жүзеге асыратын аумағы көрсетілген арыз;

2 2) осы Нұсқаудың 3 ережелеріне сай топты құраушы кәмелетке жеткен азаматтардың тізімі;

3 3) топ мүшелері жиналысының хаттамасы.

9 9. Осы Нұсқаудың 4 ережесіне сай шағын діни топты есептік тіркеу және қайта тіркеу туралы мәліметтер қатаң есептегі арнайы жұрналға енгізіледі.

10 10. Есептік тіркеу және қайта тіркеу құжаттар өткізген күннен бастап 15 күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі.

11 11. Шағын діни топта өзгерістер болған жағдайда тіркеуші орган тиісті мәліметтерді жұрналға енгізеді.

12 12. Шағын діни топтардың есепке қойылғаны, сонымен бірге есеп жұрналына енгізілген қосымшалар мен өзгерістер туралы мәліметтер облыстың Ішкі саясат департаментіне беріледі.

13 13. Діни топ жетекшісі аудан әкімдігіне жылына екі рет өз қызметі туралы ақпарат береді.

14 14. Есептік тіркеу және қайта тіркеу ақысыз жүргізіледі.

15 15. Шағын діни топ жергілікті атқарушы органның есептік тіркеуінен өзінің қызметін нақты тоқтатқан, не әділет органдарында мемлекеттік тұлға мәртебесімен діни бірлестік немесе заңды тұлғаның филиалы ретінде тіркеуден өткен жағдайда шығарылады.

Ішкі саясат бөлімінің бастығы
Ж. Матаева

26 Діни топтың есептік тіркеуге және қайта тіркеу қойылғаны туралы анықтама

Заңды тұлғаның белгілері жоқ
шағын діни топтарды есептік тіркеу
және қайта тіркеу
жөніндегі нұсқауға 1-қосымша
_______________________________
(арызды тіркеген органның атауы)
Діни топтың есептік тіркеуге және қайта тіркеу қойылғаны туралы анықтама
№_______
200___ жылғы «____»______________берілді
Діни топ атауы___________________________________________________
_________________________________________________________________
Ішкі саясат бөлімінің бастығы                      Қолы
Мөрі

27 Арыз

Заңды тұлғаның белгілері жоқ
шағын діни топтарды есептік тіркеу
және қайта тіркеу
жөніндегі нұсқауға 2-қосымша
_________________________________
(арызды тіркеген органның атауы)
Арыз
____________________________________________________________________
(топ жетекшісінің аты, әкесінің аты, тегі)
____________________________________________________________________
(діни топ атауы, ұсынған діни бағыты)
____________________________________________________________________
(кәмелетке толған мүшелерінің саны)
____________________________________________________________________
(діни топтың мекен жайы және ғибадат үйінің болуы)
____________________________________________________________________
(өз қызметін соның шегінде жүзеге асыратын аумағы)
Қолы
Мерзімі

28 Діни топты құраушы азаматтардың тізімі

Заңды тұлғаның белгілері жоқ
шағын діни топтарды есептік тіркеу
және қайта тіркеу
жөніндегі нұсқауға 3-қосымша
___________________________________
(арызды тіркеген органның атауы )
Діни топты құраушы азаматтардың тізімі

р/с
Аты, әкесінің аты,
тегі
Туған жылы,
айы, күні
Тұрғылықты жері
Қолы

29 Шағын діни топтарды тіркеу және қайта тіркеу жұрналы

Заңды тұлғаның белгілері жоқ
шағын діни топтарды есептік тіркеу
және қайта тіркеу
жөніндегі нұсқауға 4-қосымша
___________________________________
(арызды тіркеген органның атауы)
Шағын діни топтарды тіркеу және қайта тіркеу жұрналы

р/
с
Тір­кеу және қай­та тір­кеу нө­мі­рі және тір кел­ген уа­қы­ты
Ді­ни топ ата­уы
Ді­ни топ­тың ді­ни ұста­ным ба­ғы­ты
Ді­ни топ­тың ор­на­лас­қан же­рі
Ді­ни топ қыз­ме­ті­нің ауда­ны
Ғи­ба­дат (құл­шы­лық үй­і­нің бар­жо­ғы)
Же­тек­ші­сі­нің аты, әке­сі­нің аты, те­гі, ме­кен-
жайы, те­ле­фо­ны
Тір­кеу  және қай­та тір­кеу ту­ра­лы анық­та­ма­ны тол­тыр­ған тұл­ға­ның аты, әке­сі­нің аты, те­гі
Тір­кеу және қай­та тір­кеу ту­ра­лы анық­та­ма­ны ал­ған тұл­ға­ның аты, әке­сі­нің аты, те­гі
Ес­кер­ту
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11

Қолданыстағы