Жаңақоныс селолық округі "Әділет" шаруа қожалығындағы мүйізді ірі қара малдарынан листериоз ауруы шығуына байланысты шектеу іс шараларын белгілеу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Жаңақоныс селолық округі "Әділет" шаруа қожалығындағы мүйізді ірі қара малдарынан листериоз ауруы шығуына байланысты шектеу іс шараларын белгілеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Жаңақоныс селолық округі "Әділет" шаруа қожалығындағы мүйізді ірі қара малдарынан листериоз ауруы шығуына байланысты шектеу іс шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 138
- Қабылданған күні
- 16.04.2010
- Көрсетілген редакция
- 22.06.2010 · қолданыстағы 52767_209191.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.06.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10CM000131
- ЭКБ идентификаторы
- 52767
- Редакция идентификаторы
- 52767_209191
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:25
0 Жаңақоныс селолық округі "Әділет" шаруа қожалығындағы мүйізді ірі қара малдарынан листериоз ауруы шығуына байланысты шектеу іс шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1-тармағының 18 тармақшасын және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10, 27 баптарын басшылыққа алып, Шалқар аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 13 сәуірдегі № 03-10/180 санды ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жаңаконыс селолық округінде «Әділет» шаруа қожалығындағы мал базында листериоз ауруын жоюдың шектеу іс шаралары белгіленсін.
2 2. Жанақоныс селолық округінің әкімі (Е. Данабек), Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бастығы (Е. Бекмағанбетов), Аудандық ветеринария бөлімінің бастығы (Қ. Сарсембай), Шалқар аудандық аумақтық инспекциясының бастығы (Е. Есжанов келісім бойынша) шектеу мерзімі ішінде:
- шектеу жарияланған шаруа қожалығы аумағынан ауылшаруашылық малдарын айдап әкетуге, әкелуге, бұл жерлер арқылы өтуге шектеу қою;
- барлық мал өнімдерін өндірудің сақтық шараларын жүргізу;
- шаруа қожалығы көлемінде листериоз ауруына қарсы жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық шараларды қолданыстағы Заңнамаларға сәйкес жүргізу және ол малдарды ұдайы малдәрігерлік бақылауда болуын қамтамасыз ету;
- шаруа қожалығындағы барлық қора жайлар механикалық тазартудан өткізу және дизенфекция жасауды ұйымдастыру тапсырылсын.