Казталов ауданы бойынша жастар практикасын ұйымдастыру туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Казталов ауданы бойынша жастар практикасын ұйымдастыру туралы
- Атауы (қаз.)
- Казталов ауданы бойынша жастар практикасын ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 92
- Қабылданған күні
- 19.04.2010
- Көрсетілген редакция
- 06.04.2012 · қолданыстағы 52773_199114.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.04.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10ZH000108
- ЭКБ идентификаторы
- 52773
- Редакция идентификаторы
- 52773_199114
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:23
0 Казталов ауданы бойынша жастар практикасын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қаулысын басшылыққа алып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлерді бітірген түлектердің білімін, шеберлігін, дағдысын жетілдіру үшін және тәжірибе алу мақсатында, "Казталов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (әрі қарай – Уәкілетті орган) тіркелген, мамандығы бойынша жұмыс өтілі болмаған жас мамандарды жұмысқа орналастыру, әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар ретінде, жастар практикасы ұйымдастырылсын.