Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
- Атауы (қаз.)
- Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 10/03
- Қабылданған күні
- 21.04.2010
- Көрсетілген редакция
- 28.01.2013 AI52780_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10KO000123
- ЭКБ идентификаторы
- 52780
- Редакция идентификаторы
- AI52780_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:20
0 Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18 және 238 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi, осы қаулыға қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Шөппай Серикпайұлы Оспановқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.
КЕЛІСІЛДІ
Осакаров аудандық
мәслихатының хатшысы
Қ. Саққұлақов
2010 жыл 21 сәуір
4 Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 21 сәуірдегі
N 10/03 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1 1. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1 1) мемлекеттік мекеменің және қазынашылық кәсіпорнының басшысы мен басшысының орынбасары, меңгеруші, бөлімше басшысы, оның ішінде: әдістемелік кабинеттің, топтың, бөлімнің;
2
2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтардың мұғалімдері, медициналық бике, кітапханашы, тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі, жетекші, дене шынықтыру бойынша нұсқаушысы, өндірістік оқыту шебері, оқытушылар, музыкалық жетекші, әдіскер, бейнелеу өнері бойынша оқытушы, логопед, психолог, лаборант, барлық мамандықтардың инженері, аудармашы, бағдарламашы, іс жүргізуші, бухгалтер, экономист, емдәм бикесі, хатшы-машинист, директордың шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасары, шаруашылық меңгерушісі.