Құжат мәтініне өту

Об утверждении технического регламента "Требования к безопасности удобрений"

Қаулы · № 491 · қабылданған 28.05.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-52798/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении технического регламента "Требования к безопасности удобрений" Күшін жойған Қаулы ·№ 491 ·28.05.2010
31.03.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении технического регламента "Требования к безопасности удобрений"

Күшін жойған Қаулы ·№ 491 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении технического регламента "Требования к безопасности удобрений"
Атауы (қаз.)
"Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
491
Қабылданған күні
28.05.2010
Көрсетілген редакция
31.03.2021 52798_516177.kaz
Соңғы өзгеріс
31.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000491_
ЭКБ идентификаторы
52798
Редакция идентификаторы
52798_516177
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:05

0 "Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 «Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 28 мамырдағы
№ 491 қаулысымен
бекітілген
«Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті

1 1. Қолданылу аясы

1 1. Осы «Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) минералды, органикалық-минералды, органикалық тыңайтқыштарға және топырақ жақсартушы заттарға (бұдан әрі - тыңайтқыштар), сондай-ақ, олардың тіршілік циклы үдерістеріне қолданылады.

2 2. Осы Техникалық регламент қолданылатын, сәйкестікті міндетті растауға жататын тыңайтқыштардың тізбесі және Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасына (бұдан әрі – КО СЭҚ ТН) сәйкес сыныптамасы бойынша олардың кодтары осы Техникалық регламентке қосымшада көрсетілген.

3 3. Тыңайтқыштармен байланысты қатерлер мынадай қауіпті факторларға негізделеді:

минералды тыңайтқыштар үшін:

1 1) жанғыштығы;

2 2) тотықтырғыштық әсері;

3 3) коррозиялық әсері;

4 4) уыттылығы;

5 5) көзді зақымдауы;

6 6) теріні жеуі;

7 7) көз бен теріні тітіркендіруі;

8 8) қоршаған сулы орта және топырақ үшін қауіптілігі;

9 9) қоршаған ауа ортасы және топырақ үшін қауіптілігі;

10 10) радиоактивті сәуле шығаруы (фосфорлы тыңайтқыштар және топырақ жақсартушы заттар үшін);

органикалық және органикалық минералды тыңайтқыштар үшін:

1 1) бактериологиялық;

2 2) паразитологиялық;

3 3) энтомологиялық.

2 2. Терминдер мен анықтамалар

4 4. Осы Техникалық регламентте тиісті анықтамаларымен бірге мынадай терминдер қолданылады:

қауіптілік белгісі - қауіптің түрі мен сыныбына қарай тыңайтқыштардың қауіптілігі туралы нақты ақпаратты беретін стандартты графикалық кескін;
қауіптіліктің қысқаша сипаттамасы - тыңайтқыштардың қауіптілік санаты мен осы қауіптің деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін стандартты тіркестер жиынтығы;
қорда - өсімдіктен немесе жануардан алынатын органикалық қалдықтардың ыдырауы нәтижесінде алынған органикалық тыңайтқыш;
қоректік элемент - өсімдіктің өсуі және дамуы үшін қажетті тыңайтқыштың элементі;
құрамында азоты бар тыңайтқыш - құрамында өсімдіктерге сіңетін нысандағы азоты бар тыңайтқыш;
минералды тыңайтқыш - минералды нысандағы қоректік элементтерді құрайтын өндірістік немесе қазып алынатын негіздегі тыңайтқыш;
органикалық минералды тыңайтқыш - бірыңғай технологиялық процесте немесе механикалық араластыру жолымен алынған органикалық және минералды тыңайтқыштардың қоспасы;
органикалық тыңайтқыш - өсімдіктерден немесе жануарлардан алынатын органикалық заттарды құрайтын тыңайтқыш;
сигналды сөз - тыңайтқыштардың қауіптілік деңгейіне назар аударту үшін пайдаланылатын сөз;
топырақ жақсартушы зат - топырақтың физикалық, химиялық қасиеттерін және (немесе) биологиялық белсенділігін жақсарту үшін топыраққа енгізілетін, органикалық және (немесе) органикалық емес негіздегі материал;
төселетін көң - төсемдік және азықтық қоспалары бар көң;
тыңайтқыш - өсімдіктердің қоректенуіне және топырақтың құнарлылығын арттыруға арналған зат;
фосфорлы тыңайтқыш - құрамында өсімдіктерге сіңетін нысандағы фосфоры бар тыңайтқыш;
химиялық өнімнің қауіпсіздік паспорты (бұдан әрі - қауіпсіздік паспорты) - химиялық өнімнің сипаттамалары және онымен жұмыс істеудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы мәліметтер қамтылған құжат.

3 3. Тыңайтқыштарды сәйкестендіру

5 5. Тыңайтқыштарды сәйкестендіру кезінде мынадай әдістер қолданылады:

1 1) құжаттамалық;

2 2) көрнекі;

3 3) сынау.

6 6. Сәйкестендіру кезінде:

1 1) қауіпсіздік паспорттарын;

2 2) жеткізу шарттары мен келісім шарттарды;

3 3) тыңайтқыштардың таңбасында келтірілген ақпараттарды пайдаланады.

7 7. Тыңайтқыштарды сәйкестендіру мынадай белгілер, параметрлер және талаптар бойынша жүзеге асырылады:

сынамаларды іріктеу кезінде:

1 1) таңбалау мен буып-түюдің осы Техникалық регламентке сәйкестігі бойынша. Бұл ретте, қауіпсіздік паспортындағы ақпарат орамдағы ақпаратпен салыстырылады;

2 2) өнім атауының мәлімденген өнімге сәйкестігі бойынша;

3 3) лек көлемі бойынша;

сынақ жүргізу кезінде таңбада және қауіпсіздік паспортында келтірілген ақпараттың дұрыстығы:

1 1) сыртқы түрі (агрегаттық жай-күйі, конфигурациясы және өзге де белгілері) бойынша;

2 2) қоректік элементтер мен заттардың массалық үлесі, органикалық заттардың массалық үлесі (органикалық минералды тыңайтқыштар үшін) бойынша тексеріледі.

4 4. Тыңайтқыштарды Қазақстан Республикасының нарығына айналымға жіберу шарттары

8 8. Тыңайтқыштар осы Техникалық регламентке сәйкес келген жағдайда Қазақстан Республикасының нарығына айналымға жіберіледі.

9 9. Тыңайтқыштарды Қазақстан Республикасының нарығына айналымға жіберудің алдында өндіруші (уәкілетті өкіл, импорттаушы) оларды қауіпсіздік паспортымен қоса беруге тиіс.

5 5. Тыңайтқыштар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

10 10. Тыңайтқыштар осы Техникалық регламенттің қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуы тиіс.

11 11. Биуреттің (карбамид үшін) массалық үлесі 2 %-дан аспауы тиіс.

12 12. Фосфорлы тыңайтқыштар мен топырақ жақсартушы заттар үшін табиғи радионуклидтердің үлестік белсенділігі 4000 Бк/кг аспауы тиіс.

13 13. Органикалық және органикалық минералды тыңайтқыштардың биологиялық қауіпсіздігі:

1 1) патогенді бактериялардың;

2 2) гельминттердің тіршілік етуге қабілетті жұмыртқаларының;

3 3) ішектік патогенді қарапайымдылар цисталарының;

4 4) синантропты шыбындардың дернәсілдері мен қуыршақтарының жоқтығымен қамтамасыз етілуі тиіс.

14 14. Тыңайтқыштар үшін бөлшектеп сатуға арналған тыңайтқыштарға қойылатын сақтау мерзімі және (немесе) жарамдылық мерзімі белгіленеді.

6 6. Тыңайтқыштарды әзірлеу кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын талаптар

15 15. Тыңайтқыштар, оларды ғылыми негізделген нормаларда пайдалану кезінде:

1

1) топырақтағы, ауадағы (ұшатын қосылыстар бар болған кезде), су объектілеріндегі және ауыл шаруашылығы өнімдеріндегі қауіпті және улы заттар: радионуклидтер, ауыр металдар мен күшала тұздары, полициклды ароматты көмірсутегі және төзімді органикалық ластағыштар құрамының гигиеналық нормативтерден асуына;

2 2) топырақтың табиғи микробиоценозының бұзылуына;

3

3) қоршаған орта объектілерінде адамға қауіпті патогенді микоофлоралардың, гельминттердің тіршілік етуге қабілетті жұмыртқаларының, ішектік патогенді қарапайымдылар цисттерінің, энтерококктердің және басқа да қауіпті биологиялық агенттердің пайда болуына жол бермейтіндей етіп әзірленуі және өндірілуі тиіс.

16 16. Өндірістің қалдықтары негізінде жасалған тыңайтқыштар үшін қолданудың арнайы регламенттері және оларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары жөніндегі ұсынымдар әзірленеді.

Бұл ретте:

1 1) тыңайтқыштың сапалық және сандық құрамын және ол тұратын барлық компоненттердің қауіптілік сыныбын (улы элементтердің жалпы құрамынан басқа олардың суда ерігіштік және жылжымалы нысандарының массалық үлесі көрсетіледі);

2 2) радиоактивтілігін, оның ішінде техногенді негіздегі радионуклидтердің (тиімді үлестік белсенділігі) бар-жоғын;

3 3) тыңайтқыштың қауіптілік сыныбын;

4 4) тыңайтқыштың микробиологиялық және паразитологиялық сипаттамаларын ескеру қажет.

17

17. Құрамында азоты бар тыңайтқыштарды пайдаланудың әзірленетін регламенттері өсімдік шаруашылығы өнімдерінде гигиеналық нормативтерде белгіленнен көп нитраттардың жиналуына әкелмеуі тиіс. Бұл ретте, құрамында азоты бар тыңайтқыштардың қауіпсіздік паспортында жалпы азот құрамын көрсетумен бірге, оның нитратты нысанының құрамы да көрсетіледі.

7 7. Тыңайтқыштар өндіру процесінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

18 18. Тыңайтқыш өндірісі бойынша кәсіпорындарда авариялық жағдайларды оқшаулау және жою жөніндегі ұйымдастырушылық және техникалық шаралар көзделуі тиіс.

19 19. Кәсіпорынның технологиялық жабдықтары:

1 1) жұмыс сұйықтықтарының ағып кетуі мен шашырау мүмкіндігін, қызмет көрсетуші персоналдың олармен тікелей жанасуын болдырмауы;

2 2) барлық қауіпті заттардың қоршаған ортадан барынша оқшаулануын қамтамасыз етуі;

3 3) тазалау мен техникалық қызмет көрсету процестерінің қауіпсіздігі мен жеңілдігін қамтамасыз етуі тиіс.

20 20. Тыңайтқыш өндірісі бойынша кәсіпорындар атмосфераға шығарылатын шығарындыларды тазалау, ағынды суларды жинау және тазалау (залалсыздандыру) бойынша құрылыстармен (қондырғылармен) жарақтандырылуы тиіс.

21 21. Тыңайтқыш өндірісі бойынша әрбір кәсіпорында:

1 1) процестің негізгі сатылары бойынша технологиялық режимдерді және өлшемдік параметрлерді, бастапқы шикізат пен түпкілікті өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін;

2 2) қоршаған ортаға зиянды шығарындылардың сипаттамасын;

3 3) санитариялық-эпидемиологиялық, гигиеналық талаптардың, сондай-ақ еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың орындалуын өндірістік бақылау жүйесі енгізілуі тиіс.

22 22. Өндірістік бақылау жүйесі:

1 1) жұмыс орындарындағы қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың деңгейін және жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттар концентрациясын бақылауды;

2 2) қоршаған орта объектілерінде санитариялық қорғаныш аймағының (СҚА) шегінде зиянды заттардың болуын;

3 3) шаң-газ тұтқыш құрылғылар мен тазалау құрылыстарының тиімділігін бақылауды қамтуы тиіс.

23 23. Тыңайтқыштар өндіру кезіндегі жұмыстар жеке қорғаныс құралын қолдану арқылы жүргізіледі.

8 8. Тыңайтқыштарды сақтау кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын талаптар

24

24. Тыңайтқыштарды сақтау арнайы жабық үй-жайларда (қоймаларда), ыдыстарда (сүрлемдерде, сақтау орындарында) жүзеге асырылады. Жұмсақ контейнерлерге буып-түйілген тыңайтқыштарды қатты жабыны бар ашық алаңдарда және қалқа астында сақтауға рұқсат етіледі. Сақтау кезінде тыңайтқыштардың бұзылмауы (олардың саны және сапасы) қамтамасыз етілуі және қоршаған ортаға зиян келтіру қатері болмауы тиіс.
Тыңайтқыштың нақты түріне арналған нормативтік құжаттамада және қауіпсіздік паспортында көрсетілген сақтау шарттарына қойылатын ерекше талаптар сақталуы тиіс.

25 25. Тыңайтқыштарды сақтау кезінде олардың физика-химиялық қасиеттері және оларды күшті тотықтырғыштардан, өрт қауіпті және жарылыс қауіпті заттардан бөлек сақтаудың қажеттілігі ескерілуі тиіс.

26 26. Өрт-жарылыс қауіпті тыңайтқыштарды (селитралар және олардың негізінде жасалған тыңайтқыштарды) жеке тұрған қоймаларда немесе қойманың тік қойылған бөлігінде орналасқан және қойманың басқа бөліктерінен бітеу өртке қарсы қабырғамен оқшауланған қоймалардың секцияларында сақталады.

27 27. Тыңайтқыштарды сақтау орындарында көрінетін жерлерге көрсетілген заттарды сақтаудың ерекшеліктері, гигиена ережелері, қауіпсіздік шаралары, оның ішінде, сол немесе өзге авариялық жағдайларды жою кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат орналастырылады.

28 28. Сақталатын тыңайтқыштардың мөлшері жобада көзделген қойманың сыйымдылығынан аспауы тиіс.

29 29. Тамақ өнімдерін, мал азығын, шаруашылық және тұрмыстық мақсаттағы әр түрлі заттарды, техникаларды бірге сақтау үшін тыңайтқыш қоймаларын пайдалануға жол берілмейді.

30 30. Тыңайтқыштармен байланысты қоймалық жұмыстар жеке қорғаныс құралдарын қолдана отырып жүргізіледі.

31 31. Сұйық тыңайтқыштары бар бөшкелерді, бидондарды қоймада сақтау құю тесіктерін жоғары қаратып жүргізіледі.

32 32. Тыңайтқыштарды қоймада сақтау орындарына авариялық жағдайларда персоналдың еркін қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.

33 33. Сұйық тыңайтқыштары бар ыдыстарды сақтау кезінде ыдыс авариялық бүлінген жағдайда төгілген өнімнің барлық көлемін оқшаулауға бағытталған тиісті техникалық шаралар мен құралдар (ылғал өткізбейтін үй-жайлар, су өткізбейтін тұғырықтар немесе басқа құралдар) көзделуі тиіс.

34 34. Буып-түйілмеген әр түрлі минералды тыңайтқыштар қойманың жеке бөліктерінде немесе жеке қоймаларда сақталуы тиіс.

Егер минералды тыңайтқыштардың қасиеттері бірге сақтауға кедергі келтірмейтін болса және ені 1 метрден кем емес әр түрлі тыңайтқыштар арасындағы бөлу аймағын сақтау және қоймада сақталатын өнімнің түрін көрсете отырып тақтайша орнату шартымен бір қоймада бірнеше түрлі минералды тыңайтқыштар сақтауға рұқсат етіледі.
Әр түрлі тыңайтқыштарды араластыруға және олардың бөтен қоспалармен және заттармен ластауға рұқсат етілмейді.

35 35. Тыңайтқыштары бар орамдарды сөрелерге немесе тұғырықтарға орналастырады. Тұғырықтарда сақталатын буып-түйілген түрдегі тыңайтқыштар қатарының биіктігі 2 метрден аспауы тиіс. Жұмсақ контейнерлердегі тыңайтқыштарды 2 қабат етіп сақтайды.

Буып-түйілген тыңайтқыштар түрлері бойынша бөлек сақталуы тиіс. Буып-түйілген тыңайтқыштарды тұғырықтар мен сөрелерді пайдаланбай қойма еденіне үйіп сақтауға рұқсат етілмейді.
Сөрелердің және қоймада сақталатын буып-түйілген тыңайтқыштардың қойма ішіндегі тұғырықтарға орналасуы үй-жайды жинаудың, жүк тиегішті қозғалтудың мүмкіндігін, персоналдың еркін қол жеткізуін, сондай-ақ, қойма ішіндегі ауа айналысын қамтамасыз етуі тиіс.

36

36. Төселетін көң, қорда, сұйық көңнің қатты фракциялары тыңайтқыштың топыраққа және жер асты суларына инфильтрациялануына кедергі кетіретін қатты жабыны бар алаңқайлардың дөңдерінде сақталады. Сақтау алаңқайлары сұйық көң жинағыштармен жабдықталуы және жауын мен қар суларының құйылуынан қорғалуы тиіс.
Қоректік элементтердің жоғалуын, ауаның улы газдармен ластану деңгейін төмендету мақсатында қатты органикалық тыңайтқыштардың дөңдері сақтау кезінде сіңіргіш материалдар - шым тезек, үгінді, сабан қабатымен жабылуы тиіс.

37 37. Жартылай сұйық, сұйық көң, тезек, ағындар секциялық типтегі арнайы жинағыштарда сақталады.

38 38. Сұйық көңді өңдеу жөніндегі ғимараттар орналасқан аумақта алты тәулік сақтауға арналған карантиндік ыдыстар болуы тиіс.

9 9. Тыңайтқыштарды буып-түюге және таңбалауға қойылатын талаптар

39 39. Тыңайтқыштарға арналған ыдыс орау материалдары олардың сақталуын қамтамасыз ететін және оларды сақтау, тасымалдау және пайдалану кезінде олармен қоршаған ортаның ластану мүмкіндігін болдырмайтын материалдардан жасалады.

Буып-түю және ыдыс үшін тыңайтқыштардың бүлдіргіштік және өзге де зиянды әсерлеріне төзімді және:

1 1) жануды және (немесе) жылудың айтарлықтай мөлшерін бөлуді;

2 2) тез тұтанатын, улы немесе тұншықтырғыш газдар бөлуді;

3 3) басқа химиялық белсенді және қауіпті заттардың пайда болуын туғызатын реакцияларға түсе отырып, олармен өзара әрекеттеспейтін материалдар пайдаланылады.

40 40. Тыңайтқышта мынадай міндетті ақпаратты қамтитын таңбалар болуы тиіс:

1 1) тыңайтқыштың атауы мен мақсаты;

2 2) сол бойынша тыңайтқыш өндірілетін нормативтік құжаттың белгілері;

3 3) пайызбен көрсетілетін негізгі қоректік элементтердің, макроэлементтердің, микроэлементтердің массалық үлесі;

4 4) қауіптілікті сипаттау элементтері (қауіптілік белгісі, сигналды сөз және қауіптіліктің қысқаша сипаттамасы);

5 5) таза салмағы (қатты тыңайтқыштар үшін), ыдыстағы атаулы көлемі (сұйық тыңайтқыштар үшін);

6 6) өндірушінің атауы және тұрғылықты жері (заңды мекен-жайы, елді қоса алғанда);

7 7) өндірілген күні және лек нөмірі;

8 8) сақтаудың кепілді мерзімі немесе жарамдылық мерзімі;

9 9) сақтау шарттары;

10 10) қолдану бойынша нұсқау, сондай-ақ, қауіпсіз қолдану, сақтау және алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі шаралар (бөлшек саудаға арналған тыңайтқыштар үшін) сұйық тыңайтқыштармен қауіпсіз жұмыс істеу жөніндегі қосымша нұсқаулықтар.

41 41. Таңба мықты болуы тиіс және қоршаған ортадағы факторлар әсерінен өзінің тұтыну сипатын жоғалтпауы тиіс.

42 42. Бос күйінде жеткізілетін тыңайтқыштар үшін таңба ілеспе құжаттарда көрсетіледі.

43 43. Таңбалау мемлекеттік және орыс тілдерінде орындалуы тиіс.

10 10. Тыңайтқыштарды тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптары

44 44. Қауіпті жүктер (селитралар және солардың негізіндегі тыңайтқыштар, сусыз аммиак, аммиакты су) санатына жататын тыңайтқыштарды тасымалдау темір жол көлігі және автомобиль көлігі туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

45 45. Буып-түйілмеген тыңайтқыштар бос күйінде жабық темір жол вагондарымен, минерал тасығыштармен, жабық кемелермен және міндетті түрде шанақпен жаба отырып, автокөлікпен тасымалданады.

46

46. Сұйық минералды тыңайтқыштарды (аммиакты суды, көмір аммиакатын, сұйық кешенді тыңайтқыштарды) тасымалдау арнайы темір жол және автомобиль көлігімен жүргізіледі. Аммиакпен жанасатын сорғылар, штуцерлер, шүмектер және басқа да бөлшектер аммиактың агрессивті әсеріне төзімді материалдан жасалуы тиіс. Қола немесе мыстан жасалған бөлшектерді қолдануға рұқсат етілмейді.

47

47. Ыдыстарды (цистерналарды, резервуарларды) сұйық минералды тыңайтқыштармен толтыру жол бойы мүмкін болатын температураның өзгеруі кезінде өнім көлемінің ұлғаюын есепке ала отырып жүргізіледі. Сулы аммиакты тасымалдауға арналған ыдыстар олардың толық сыйымдылығының 93 %-нан аспайтындай етіп, сусыз аммиакты тасымалдауға арналған ыдыстар 85 %-нан аспайтындай етіп толтырылады.

48 48. Буып-түйілген минералды тыңайтқыштарды тасымалдау кезінде ыдыстардың жарылуына, жүктің төгілуіне және шашылуына жол берілмейді. Ыдыс бүлінген жағдайда жүк қалдықтарын жинап алу шаралары қабылдануы тиіс.

11 11. Тыңайтқыштарды сату кезіндегі қауіпсіздік талаптары

49 49. Тыңайтқыштарды сату мамандандырылған сату орындарында жүзеге асырылуы тиіс.

Тыңайтқыштарды тамақ өнімдерімен, медициналық дәрілік препараттармен және балаларға арналған тауарлармен бірге бір сауда бөлімінде сатуға рұқсат етілмейді.

50 50. Тыңайтқыштарды бөлшек саудада сатуға тек буып-түйілген күйде рұқсат етіледі.

Орамы бүлінген және осы Техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін етіп таңбаланған тыңайтқыштарды бөлшек саудада өткізуге рұқсат етілмейді.

12 12. Тыңайтқыштарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары

51 51. Тыңайтқыштарды пайдалану жеке қорғаныс құралын қолдана және қауіпсіздік паспортында көрсетілген өзге де қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізілуі тиіс.

52 52. Әуеден шашуды елді мекендерден 1000 метрден және ашық су көздерінен 200 метрден кем емес қашықтықта 4 м/с кем емес жел жылдамдығы кезінде орындаған жөн.

53

53. Ағынды су тұнбаларын тыңайтқыштар ретінде қолдану топырақта ауыр металдардың (қорғасын, кадмий, никель, хром, мырыш, мыс, сынап) және күшаланың тұз құрамының гигиеналық нормативтерден асуына және онда патогенді микрофлоралардың, гельминттердің жұмыртқаларының, патогенді цисттерінің пайда болуына әкелмеуі тиіс.

54 54. Ағынды су тұнбалары негізіндегі тыңайтқыштарды рН 5,5 төмен топырақта қолдану әктеуден бұрын болуы тиіс.

55 55. Топырақты азотпен және басқа да қоректік элементтермен байыту үшін пайдаланылатын көң және тауық саңғырығы алдын ала залалсыздандырылуы (термиялық кептіру, компосттеу және басқа да әдістермен) тиіс.

Пайдалануға тек қана жануарлар (құстар) және адамдар үшін ортақ зооантропоздық аурулар бойынша қолайлы мал шаруашылығынан түскен көң және тезек жіберіледі.

56 56. Тыңайтқыштарды енгізуді жоспар бойынша жүргізген дұрыс, олардың нақты қолданылуын нақты енгізілген тыңайтқыштардың санын, өңделген аумақтың мөлшерін, енгізудің тәсілдері мен күнін көрсете отырып журналда тіркеу қажет.

57 57. Қатып қалған немесе қар басып қалған топыраққа тыңайтқыш енгізуге жол берілмейді.

13 13. Тыңайтқыштарды кәдеге жарату кезіндегі қауіпсіздік талаптары

58. Тыңайтқыштар технологиялық өңдеу жолымен кәдеге жаратылады.
59. Тыңайтқыштарды технологиялық өңдеу жолымен кәдеге жарату мүмкін болмағанда, олар қауіпсіздік паспорттарына сәйкес кәдеге жаратылуы немесе Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес залалсыздандырылуы (жойылуы) тиіс.

14 14. Сәйкестікті растау

60. Тыңайтқыштардың сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін.

15 15. Қолданысқа енгізу шарттары

61. Осы Техникалық регламент алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

133 Осы техникалық регламенттің әрекетіне түсетін тыңайтқыштар тізбесі

Техникалық регламентке
қосымша
Осы техникалық регламенттің әрекетіне түсетін тыңайтқыштар тізбесі
КО СЭҚ ТН ко­ды
По­зи­ци­я­ның ата­уы
1
2
3101 00 000 0
Мал неме­се өсім­дік тек­тес, ара­лас неме­се ара­лас емес, хи­ми­я­лық өң­де­уден өт­кен неме­се өң­дел­ме­ген ты­ңайт­қы­штар;
өсім­дік неме­се мал тек­тес өнім­дер­ді ара­ла­сты­ру неме­се хи­ми­я­лық өң­де­уден өт­кі­зу ар­қы­лы алын­ған ты­ңайт­қы­штар
3102
Ми­не­рал­дық неме­се хи­ми­я­лық, азот­тық ты­ңайт­қы­штар:
3102 10
- несеп­нәр, оның ішін­де су ері­т­ін­ді­сін­де:
3102 10 100 0
- - құр­ғақ су­сыз өнім­ге шақ­қан­да­ғы 45 мас.%-дан астам азот­ты қам­ти­тын несеп­нәр
3102 10 900 0
- - өзге­ле­рі
- ам­мо­ний суль­фа­ты, ам­мо­ний суль­фа­ты­ның және ам­мо­ний нит­ра­ты­ның қос тұз­да­ры және қо­с­па­ла­ры:
3102 21 000 0
- - ам­мо­ний суль­фа­ты
3102 29 000 0
- - өзге­ле­рі
3102 30
- ам­мо­ний нит­ра­ты, оның ішін­де су ері­т­ін­ді­сін­де:
3102 30 100 0
- - су ері­т­ін­ді­сін­де
3102 30 900 0
- - өзге­ле­рі
3102 40
- ам­мо­ний нит­ра­ты­ның каль­ңий кар­бо­на­ты­мен неме­се ты­ңайт­қыш бо­лып та­был­май­тын өзге ор­га­ни­ка­лық емес заттар­мен қо­с­па­ла­ры:
3102 40 100 0
- - құ­ра­мын­да 28 мас.%-дан астам азот бар
3102 40 900 0
- - құ­ра­мын­да 28 мас.%-дан астам азот бар
3102 50
- на­трий нит­ра­ты:
3102 50 100 0
- - та­би­ғи на­трий нит­ра­ты
3102 50 900 0
- - өзге­ле­рі
3102 60 000 0
- каль­ций нит­ра­ты мен ам­мо­ний нит­ра­ты­ның қос тұз­да­ры мен қо­с­па­ла­ры
3102 80 000 0
- несеп­нәр мен ам­мо­ний нит­ра­ты­ның су неме­се ам­ми­ак ері­т­ін­ді­сін­де­гі қо­с­па­ла­ры
3102 90 000 0
- өзге­ле­рі, ал­дың­ғы қо­сал­қы по­зи­ци­я­лар­да атап көр­се­тіл­ме­ген қо­с­па­лар­ды қо­са ал­ған­да
3103
Ми­не­рал­дық неме­се хи­ми­я­лық, фос­фор­лық ты­ңайт­қы­штар:
3103 10
- су­пер фос­фат­тар:
3103 10 100 0
- - құ­ра­мын­да 35 мас.%-дан астам пен­та­ок­сид ди­фос­фо­ры бар
3103 10 900 0
- - өзге­ле­рі
3103 90 000 0
- - өзге­ле­рі
3104
Ми­не­рал­дық неме­се хи­ми­я­лық, ка­лий ты­ңайт­қы­шта­ры:
3104 20
- ка­лий хло­ри­ді:
3104 20 100 0
- - құ­ра­мын­да­ғы ка­лий К2О-ға шақ­қан­да құр­ғақ су­сыз өнім­де­гі 40 мас.%-дан ас­пай­тын
3104 20 500 0
- - құ­ра­мын­да­ғы ка­лий К20-ға шақ­қан­да бі­рақ 40 мас.%-дан аса­тын, бі­рақ құр­ғақ су­сыз өнім­де­гі 62 мас.%-дан ас­пай­тын
3 104 20 900 0
- - құ­ра­мын­да­ғы ка­лий К2О-ға шақ­қан­да құр­ғақ су­сыз өнім­де­гі 62 мас.%-дан аса­тын
3104 30 000 0
- ка­лий суль­фа­ты
3104 90 000
– өзге­ле­рі:
3104 90 000 1
– – кар­нал­лит
3104 90 000 9
– өзге­ле­рі
3105
Екі неме­се үш қо­рек­ті эле­мент­тер­ден: азот­тан, фос­фор­дан және ка­лий­ден тұ­ра­тын ми­не­рал­дық неме­се хи­ми­я­лық ты­ңайт­қы­штар; бас­қа ты­ңайт­қы­штар; брут­то сал­ма­ғы 10 кг-нан ас­пай­тын осы топ­тың таб­лет­ка­да­ғы неме­се ұқсас ны­сан­да­ғы неме­се орам­дар­да­ғы та­у­ар­ла­ры:
3105 10 000 0
- брут­то сал­ма­ғы 10 кг-нан ас­пай­тын осы топ­тың таб­лет­ка­да­ғы неме­се ұқсас ны­сан­дар­да­ғы неме­се орам­дар­да­ғы та­у­ар­ла­ры
3105 20 000 0
– үш қо­рек­тік эле­мент: азот, фос­фор және ка­лий бар ми­не­рал­дық неме­се хи­ми­я­лық ты­ңайт­қы­штар
3105 30 000 0
- ди­ам­мо­ний су­тек­фос­фа­ты (ди­ам­мо­ний фос­фа­ты)
3105 40 000 0
- ам­мо­ний ди­су­тек­фос­фа­ты (мо­но­ам­мо­ний фос­фа­ты) және оның ди­ам­мо­ний су­тек­фос­фа­ты­мен қо­с­па­ла­ры
- екі қо­рек­тік эле­мент­тен; құ­ра­мын­да бар азот және фос­фор­дан тұ­ра­тын ми­не­рал­дық неме­се хи­ми­я­лық ты­ңайт­қы­штар:
3105 51 000 0
- - құ­ра­мын­да нит­рат пен фос­фат­тар бар
3105 59 000 0
- - өзге­ле­рі
3105 60 000 0
– екі қо­рек­тік эле­мент: фос­фор және ка­лий бар ми­не­рал­дық неме­се хи­ми­я­лық ты­ңайт­қы­штар
3105 90
- өзге­ле­рі:
3105 90 100 0
- - на­трий нит­ра­ты мен ка­лий нит­ра­ты­ның та­би­ғи қо­спа­сы­нан тұ­ра­тын та­би­ғи ка­лий-на­трий нит­ра­ты (ка­лий нит­ра­ты­ның үле­сі 44 %-ға же­туі мүм­кін), құр­ғақ су­сыз өнім­ге шақ­қан­да жал­пы құ­ра­мын­да 16,3 мас.%-дан ас­пай­тын азот бар
- — өзге­ле­рі:
3105 90 910 0
- - - құр­ғақ су­сыз өнім­ге шақ­қан­да құ­ра­мын­да 10 мас.%-дан астам азот бар
3105 90 990 0
- - - өзге­ле­рі

Қолданыстағы