Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными учреждениями в сфере сортоиспытания сельскохозяйственных растений и расходования ими денежных средств от реализации товаров (работ, услуг)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными учреждениями в сфере сортоиспытания сельскохозяйственных растений и расходования ими денежных средств от реализации товаров (работ, услуг)
- Атауы (қаз.)
- Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметті) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен ақша қаражатын жұмсау ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 492
- Қабылданған күні
- 28.05.2010
- Көрсетілген редакция
- 15.04.2016 AI52799_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P100000492_
- ЭКБ идентификаторы
- 52799
- Редакция идентификаторы
- AI52799_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:05
0 Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметті) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен ақша қаражатын жұмсау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 70-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен ақша қаражатын жұмсау ережесі бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатудан түскен ақша қаражатын жұмсау ережесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 28 мамырдағы
№ 492 қаулысымен
бекітілген
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатудан түскен ақша қаражатын жұмсау ережесі
1
1. Осы Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатудан түскен ақша қаражатын жұмсау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 70-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатудан түскен ақша қаражатын жұмсау тәртібін регламенттейді.
2
2. Осы Ереженің әрекеті ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау саласында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелерге (ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау нәтижесінде алынған өнімді өткізу және мемлекеттік сорт сынау саласында қызмет көрсету кезінде Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясына) (бұдан әрі - мемлекеттік мекемелер) қолданылады.
3 3. Мемлекеттік мекемелер тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» және 2003 жылғы 8 ақпандағы «Тұқым шаруашылығы туралы» заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
4 4. Мемлекеттік мекемелер өз қызметіне сәйкес келетін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініші (өтініш нысаны еркін) негізінде көрсетеді.
5 5. Өтініштерді және тиісті құжаттарды қабылдауды мемлекеттік мекеменің жауапты лауазымды тұлғасы жүзеге асырады.
6 6. Өтініш төмендегідей мәліметтер көрсетіле отырып, өтініш берушіге тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріліп, арнайы тіркеу журналында тіркеледі:
1 1) өтініш тіркелген нөмірлер мен қабылданған күндер;
2 2) ақылы негізде көрсетілетін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу жөніндегі қызмет түрі.
3 3) Қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
4 4) өтінішті қабылдаған жауапты лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты.
7 7. Қажетті құжаттардың тізімі, ұсынылатын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметке) баға прейскуранты мемлекеттік мекемелерде көрнекі ақпарат орындарына орналастырылады.
8 8. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлері мемлекеттік мекемеде белгіленген күн тәртібіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын ұсынылады.
9 9. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрін ұсыну үшін қажетті құжаттарды күтуге және дайындауға қолайлы жағдайлар жасалады (құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақтандырылады).
10
10. Клиенттермен қолма-қол ақша арқылы жүзеге асырылатын есеп айырысулар міндетті түрде фискалдық жады бар кассалық бақылау машиналары қолданылып және клиентке қорытынды чек беріліп, мемлекеттік мекемелердің кассалары арқылы мемлекеттік мекеменің «Ақылы қызметтерден түсетін қаражат» ағымдағы шотына аударылу жолымен қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша жүргізіледі.
11 11. Мемлекеттік мекеме ақылы негізде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) алған клиентке шот-фактура береді.
12 12. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуден алынған қаражатты жұмсауы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
13 13. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатудан түсетін қаражатқа салық салу тәртібі және салық жеңілдіктері мен алымдарды беру Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.
14 14. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуден алған қаражаты:
1 1) мемлекеттік мекемелердің сорттарды сынау станциялары мен учаскелерінде ауыл шаруашылығы жұмыстарын және зертханалық зерттеулерді жүргізуге;
2 2) мемлекеттік мекемелердің материалдық-техникалық базасын жарақтандыру үшін ауыл шаруашылығы техникасын, ауыл шаруашылығы, зертханалық құрал-жабдықтарды және тетіктерді сатып алуға;
3 3) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау саласындағы ғылыми зерттеулерді жүргізуге;
4 4) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау саласында ауыл шаруашылығы және зертханалық жұмыстар жүргізу үшін мемлекеттік мекемелер тартатын штаттан тыс маусымдық мамандар мен жұмысшылардың қызметтеріне, еңбегіне ақы төлеуге;
5
5) тауарлы материалдық құндылықтарды: жанар-жағармайды, ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымдары мен көшеттерді, минералдық тыңайтқыштарды, пестицидтерді, химиялық реактивтерді, қосалқы бөлшектерді, байланыс құралдарын, метеорологиялық деректерді, еңбекті қорғауды, өрт қауіпсіздігі мен гигиенаны қамтамасыз ету үшін арнайы қорғану құралдарын, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің ағымдағы сорттарды сынау мақсаттары үшін басқа да заттар мен материалдарды сатып алуға;
6
6) көлік, пошта және байланыстың басқа да түрлерінің қызметіне, коммуналдық қызметке, әкімшілік және қойма үй-жайларын жалға алу, топырақты агрохимиялық зерттеу және мелиорациялық іс-шараларды жүргізу жөніндегі, көлік құралдарын техникалық байқау және міндетті сақтандыру, мемлекеттік мекемелердің өлшеу және мамандандырылған жабдықтарын тексеру жөніндегі қызметтерге ақы төлеуге;