Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения мероприятий по предотвращению заморов на водоемах Коргалжынского государственного природного заповедника

Бұйрық · № 288 · қабылданған 26.04.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-52801/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения мероприятий по предотвращению заморов на водоемах Коргалжынского государственного природного заповедника Күшін жойған Бұйрық ·№ 288 ·26.04.2010
22.08.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения мероприятий по предотвращению заморов на водоемах Коргалжынского государственного природного заповедника

Күшін жойған Бұйрық ·№ 288 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения мероприятий по предотвращению заморов на водоемах Коргалжынского государственного природного заповедника
Атауы (қаз.)
Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы су айдындарында балықтың қырылып қалуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
288
Қабылданған күні
26.04.2010
Көрсетілген редакция
22.08.2017 52801_236745.kaz
Соңғы өзгеріс
22.08.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006251_
ЭКБ идентификаторы
52801
Редакция идентификаторы
52801_236745
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:17

0 Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы су айдындарында балықтың қырылып қалуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесін бекіту туралы

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы су айдындарында балықтың қырылып қалуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Марат Әбілахатұлы Оразаевқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық ол бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының су айдындарында балықтың қырылып қалуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесі

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 26 сәуірдегі
№ 288 бұйрығымен бекітілген
Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының су айдындарында балықтың қырылып қалуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының су айдындарында балықтың қырылып қалуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) 2006 жылғы 7 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабына сәйкес әзірленді және Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы су айдындарында балықтың қырылып қалуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды (бұдан әрі – қорық).

2

2. Балықпен қоректенетін құстардың азық базасының жай-күйіне теріс әсер ететін қыс кезінде балықтың қырылып қалуын болдырмау мақсатында, сондай-ақ қорықтық күзет режимінің талаптарын ескере отырып, қорықтың су айдындарында ойықтар бұрғылау әдісімен суды ауаландыру және улы газдарды жою мақсатында мелиоративтік балық аулау жүргізіледі. Мелиоративтік балық аулауды жүргізудің көлемі, мерзімі, учаскелері мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған биологиялық негіздеменің негізінде анықталады.

3 3. Мелиоративтік балық аулауды жүргізуге биологиялық негіздемені ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның тапсырысы бойынша балық шаруашылығы бағытындағы ғылыми ұйымдар әзірлейді.

2 2. Балықтың қырылып қалуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

4 4. Балықтың қырылып қалу құбылыстарын болдырмау үшін қыс кезінде биологиялық негіздеме мен экологиялық сараптамаға сәйкес су қоймаларының 50 га су бетіне 1000 ойық есебімен күн сайын ойықтар бұрғылап отыру қажет.

5 5. Ойықтар бұрғылауды қорықшы не балық аулаушылар ерітінді оттегінің мөлшері 3,0 мг/литр жағдайда мұздың кез келген қалыңдығы жағдайында жүргізеді.

6 6. Мелиоративтік балық аулауға балық аулаушыда мелиоративтік балық аулауға жолдама (бұдан әрі – жолдама) болған жағдайда жол беріледі.

Осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жолдама мен түбіртекті қорық әкімшілігі береді және осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша нөмірленген, тігілген және қорық мөрі басылған жолдамалар беру журналына тіркейді.

7 7. Жолдамалар нөмірленеді және қатаң есептілік құжаты болып табылады.

8 8. Жолдама Қазақстан Республикасының салық заңнамасы белгілеген ставкалар бойынша жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін ақы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін ақы төленгенін растайтын құжаттар болған жағдайда беріледі.

9 9. Жолдама бір тәулікке беріледі, жоғалған және пайдаланылмаған жолдама қалпына келтірілмейді және ұзартылмайды.

10 10. Балық аулаушы мелиоративтік балық аулау басталар алдында қорықтың бақылау бекетінде тіркелу үшін осы Ереженің 6-шы тармағына сәйкес қажетті құжаттарды көрсетеді.

11 11. Мелиоративтік балық аулау барлық жүйелер мен атаулардың (жылтырауық темір қармақ, жерлица, спиннинг) бір балық аулаушыға 5-тен аспайтын ілгекті қармақтарымен жүргізіледі.

12 12. Балық аулаушы балық аулау аяқталғаннан кейін жолдамаға ауланған балықтың мөлшері мен түрлерін жазып қояды.

13 13. Ауланған балық бақылау бекетінде қорықтың мемлекеттік инспекторына көрсетіледі, ол жолдамаға енгізілген мәліметтердің дұрыстығын тексеріп, қол қою арқылы куәландырады. Бұл белгі ауланған балықты алып кетуге негіз болып табылады.

1 Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының су айдындарында немесе су айдындары учаскелерінде мелиоративтік балық аулауды өткізуге берілетін жолдама

Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының
су айдындарында балықтың қырылып қалуын
болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу
ережесіне 1-қосымша
Нысан
Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының су айдындарында немесе су айдындары учаскелерінде мелиоративтік балық аулауды өткізуге берілетін жолдама
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі
Ор­ман және аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы ко­ми­те­ті
ТҮ­БІР­ТЕК №____
«Қор­ғал­жын мем­ле­кет­тік та­би­ғи қо­ры­ғы» ММ
Кім­ге бе­ріл­ді ______
(Т.А.Ж.)
Мөл­ше­рі ______ (кг)
Ба­лық тү­рі _______
Су бө­ге­ні мен учас­ке­нің ата­уы
___________________
Кө­лік _____________
(тү­рі, мар­ка­сы,
мем­ле­кет­тік нө­мі­рі)
Қол­да­ны­лу мер­зі­мі:
«_» _____ 200__ж.
Бе­рі­л­ген кү­ні
«__»_____ 200_ ж.
Жол­да­ма­ны ал­дым, Ере­же­лер­мен та­ны­стым
_________________
(Ба­лық­шы­ның Т.А.Ж., қо­лы)
Жол­да­ма­ны бер­ген
____________
(Т.А.Ж.)
____________
(қо­лы)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі Ор­ман және аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы ко­ми­те­ті Жол­да­ма №_______
«Қор­ғал­жын мем­ле­кет­тік та­би­ғи қо­ры­ғы» ММ
Кім­ге бе­ріл­ді
_________________
(Т.А.Ж.)
Мөл­ше­рі ________(кг)
Ба­лық түр і________
Су бө­ге­ні мен учас­ке­нің ата­уы _________________
Кө­лік _________________
(тү­рі, мар­ка­сы,
мем­ле­кет­тік нө­мі­рі)
Қол­да­ны­лу мер­зі­мі:
«__» _____ 200__ж.
Бе­рі­л­ген кү­ні «__»_____ 200_ ж.
МТҚ ау­ма­ғы­на кі­ру ке­зін­де кө­лік­ті тек­сер­ген ме­м­ин­спек­тор _____
(Т.А.Ж., қо­лы)
МТҚ ау­ма­ғы­нан шы­ғу ке­зін­де кө­лік­ті және аулан­ған ба­лық­ты тек­сер­ген ме­м­ин­спек­тор _____
(Т.А.Ж., қо­лы)
ЖОЛ­ДА­МА­НЫҢ сырт­қы бе­ті
Ба­лық аулау ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Кү­ні
Ба­лық тү­рі
Мөл­ше­рі (ки­ло­грамм)
Жиы­ны:
Ба­лық аула­у­шы
____________________
(Т.А.Ж.) (қо­лы)

2 Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының су айдындарында немесе су айдындары учаскелерінде мелиоративтік балық аулауды өткізуге берілетін жолдамалар беру журналы

Қорғалжын мемлекеттік табиғи
қорығының су айдындарында балықтың
қырылып қалуын болдырмау жөніндегі
іс-шараларды жүргізу ережесіне
2-қосымша
Нысан
Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының су айдындарында немесе су айдындары учаскелерінде мелиоративтік балық аулауды өткізуге берілетін жолдамалар беру журналы
р/с №
Ба­лық аула­у­шы­ның Т.А.Ж.
Ба­лық аула­у­шы­ның тұр­ғы­лық­ты же­рі
Жол­да­ма бе­рі­л­ген күн
Жол­да да­ма нө­мі­рі
Жол­да­ма­ның қол­да­ны­лу мер­зі­мі
Су бө­ге­ні мен учас­ке­нің ата­уы
Ба­лық тү­рі
Мөл­ше­рі
Ба­лық аула­уды ба­қы­лай­тын адам (Т.А.Ж.)
Қол­да­ры
да­на
ки­ло­грамм
Жол­да­ма бе­ру­ші­нің
Жол­да­ма алушы­ның
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13

Қолданыстағы