Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах расширения территории государственного учреждения "Государственный национальный природный парк "Бурабай" Управления делами Президента Республики Казахстан

Қаулы · № 501 · қабылданған 01.06.2010
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-52825/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О некоторых вопросах расширения территории государственного учреждения "Государственный национальный природный парк "Бурабай" Управления делами Президента Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 501 ·01.06.2010
04.09.2015 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах расширения территории государственного учреждения "Государственный национальный природный парк "Бурабай" Управления делами Президента Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 501 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах расширения территории государственного учреждения "Государственный национальный природный парк "Бурабай" Управления делами Президента Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесінің аумағын кеңейтудің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
501
Қабылданған күні
01.06.2010
Көрсетілген редакция
04.09.2015 AI52825_2.kaz
Соңғы өзгеріс
04.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000501_
ЭКБ идентификаторы
52825
Редакция идентификаторы
AI52825_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:04

0 Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесінің аумағын кеңейтудің кейбір мәселелері туралы

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес және Қазақстанның ерекше қорғауды талап ететін бірегей табиғи объектілері ретінде Ақмола облысының флорасы мен фаунасының бағалы түрлерін, экожүйелерін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ақмола облысының Бурабай және Еңбекшілдер аудандарының аумағындағы жалпы алаңы 46424 гектар, жер учаскелері соның ішінде мына санаттардағы жерлерден:

су қорының жерлері - 3015 гектар;
орман қорының жерлері - «Ақмола облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Бұланды орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесінің жалпы алаңы 43409 гектар жер учаскелері алынсын.

2

2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес тұрақты жер пайдалануға «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Мекеме) берілсін.

3 3. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген су қорының жерлері мен орман қорының жер учаскелері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің санатына ауыстырылсын, ал осы аумақта бар ормандар «мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің ормандары» мемлекеттік орман қоры санатына жатқызылсын.

4

4. Ақмола облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мекеме жерлерінің төңірегіндегі күзет аймағын белгілеп, осы аймақ шегінде экологиялық жүйелердің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге теріс әсер ететін кез келген қызметке тыйым салсын және (немесе) шектесін.

5 5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

7 Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға берілетін Ақмола облысының аумағындағы жер учаскелерінің экспликациясы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 1 маусымдағы
№ 501 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға берілетін Ақмола облысының аумағындағы жер учаскелерінің экспликациясы
Р/с

Жер­лер­дің са­на­ты
Ала­ңы, га
1
Бу­ра­бай ауда­ны -
1. Ор­ман қо­ры­ның жер­ле­рі (Бұ­лан­ды ор­ман
ша­ру­а­шы­лы­ғы мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі),
7 138
оның ішін­де: Жа­лай­ыр ор­ман­шы­лы­ғы
5 290
Тем­но­бор ор­ман­шы­лы­ғы
1 848
2. Су қо­ры­ның жер­ле­рі
1 375
жиы­ны
8 513
2
Ең­бек­шіл­дер ауда­ны -
1. Ор­ман қо­ры­ның жер­ле­рі (Бұ­лан­ды ор­ман
ша­ру­а­шы­лы­ғы мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі),
36 271
оның ішін­де: Жа­лай­ыр ор­ман­шы­лы­ғы
11 736
Бұ­лан­ды ор­ман­шы­лы­ғы
12 129
Тем­но­бор ор­ман­шы­лы­ғы
12 406
2. Су қо­ры­ның жер­ле­рі
1 640
жиы­ны:
37 911
Бар­лы­ғы:
46 424

Қолданыстағы