Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выплаты доплат за условия труда гражданским служащим физической культуры и спорта

Бұйрық · № 01-01-07/66 · қабылданған 21.04.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-52828/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил выплаты доплат за условия труда гражданским служащим физической культуры и спорта Күшін жойған Бұйрық ·№ 01-01-07/66 ·21.04.2010
20.12.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выплаты доплат за условия труда гражданским служащим физической культуры и спорта

Күшін жойған Бұйрық ·№ 01-01-07/66 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выплаты доплат за условия труда гражданским служащим физической культуры и спорта
Атауы (қаз.)
Дене шынықтыру және спорт азаматтық қызметшілеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақыларды төлеу ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
01-01-07/66
Қабылданған күні
21.04.2010
Көрсетілген редакция
20.12.2012 AI52828_2.kaz
Соңғы өзгеріс
20.12.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006245_
ЭКБ идентификаторы
52828
Редакция идентификаторы
AI52828_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:20

0 Дене шынықтыру және спорт азаматтық қызметшілеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақыларды төлеу ережесін бекіту туралы

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Дене шынықтыру және спорт азаматтық қызметшілеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақыларды төлеу ережесі бекітілсін.

2 2. Туризмді, спортты дамыту және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Д.Ү. Қамзебаева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынсын.

3 3. Әкімшілік жұмыс департаменті (Ә.Х. Пірметов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі Т.А. Ермегияевке жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Дене шынықтыру және спорт азаматтық қызметшілеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақыларды төлеу ЕРЕЖЕСІ

Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрінің
міндетін атқарушының
2010 жылғы 21 сәуірдегі
№ 01-01-07/66 бұйрығымен
бекітілді
Дене шынықтыру және спорт азаматтық қызметшілеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақыларды төлеу ЕРЕЖЕСІ

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Ереже «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400қаулысына сәйкес әзірленді.

2 2. Еңбекақысын есептеу үшін қосымша ақылардың мынадай түрлері белгіленген:

1 1) жоғары сапалы оқу-жаттығу процесін тікелей қамтамасыз еткені үшін қосымша ақы;

2 2) спорттық жарыстардың чемпиондарын және жүлдегерлерін дайындағаны үшін қосымша ақы;

3 3) кәсіби (педагогикалық) шеберлігі үшін қосымша ақы.

3 3. Жоғары сапалы оқу-жаттығу процесін тікелей қамтамасыз еткені үшін және спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерін дайындағаны үшін қосымша ақы ұйымның контингентіне алынған спортшылардың өнер көрсетуі қорытындысы бойынша жарыстар хаттамаларының негізінде жинақталады.

Егер спортшы бір жылдың ішінде жарыстарда бірнеше жоғары спорттық нәтижелер көрсетсе, қосымша ақы төлеу ең жоғары көрсеткіштің біреуі бойынша пайызбен есептеліп жүргізіледі.

4

4. Жоғары сапалы оқу-жаттығу процесін тікелей қамтамасыз еткені үшін және спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерін дайындағаны үшін қосымша ақы әрбір қызметкердің жүктеме көлеміне және тиісті жылға арналған еңбекақы қорына қарай, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бекіткен пайыз көрсеткішіне сәйкес жыл қорытындысы бойынша белгіленеді.

5 5. Кәсіби (педагогикалық) шеберлігі үшін қосымша ақыны:

республикалық маңызы бар спорттық ұйымдардың басшыларына және орынбасарларына – дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган;
мемлекеттік жаттықтырушыларға, бас жаттықтырушыларға, аға жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша жаттықтырушыларға – ұйым басшысының бұйрығымен бекітіледі.

2 2. Жоғары сапалы оқу-жаттығу процесін тікелей қамтамасыз еткені үшін қосымша ақы төлеу

6

6. Алынған нәтиженің пайызға шаққандағы жалпы мөлшерін жарыстардың ұсынылған хаттамаларының негізінде дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган бекітеді және спортшының көрсеткішке қол жеткізген күнінен бастап дәл сондай жарыс өткізгенге дейінгі кезең ішінде (1,2 немесе 4 жыл) қолданыста болады.

7 7. Қосымша ақыны төлеу мынадай тәртіпте жүргізіледі:

басшыға – қосымша ақы сомасынан 100%-ға дейін;
басшының орынбасарына – қосымша ақы сомасынан 90%-ға дейін;
басшыға (бөлімше, бөлім басшысы, команда менеджері, аға жаттықтырушы, аға әдіскер, әдіскер, нұсқаушы) – қосымша ақы сомасынан 80%-ға дейін;
психологқа, тәрбиешіге – қосымша ақы сомасынан 80%-ға дейін;
хореографқа, аккомпаниаторға – қосымша ақы сомасынан 80%-ға дейін;
бухгалтерге – қосымша ақы сомасынан 80%-ға дейін;
дәрігерге, медбикеге, массаж жасаушыға, лаборантқа, ғылыми қызметкерге – қосымша ақы сомасынан 70%-ға дейін;
спорт ғимаратының меңгерушісіне – қосымша ақы сомасынан 70%-ға дейін;
зоотехникке, мал дәрігеріне, лаборантқа, ат бағушыға, сайманшыға, атшыға – қосымша ақы сомасынан 50%-ға дейін;
инженерге, операторға, техникке, механикке, мылтықшыға – қосымша ақы сомасынан 50%-ға дейін;
асхана меңгерушісіне, аспазға, асхана жұмысшысына, диета бикешіне – қосымша ақы сомасынан 50%-ға дейін;
спорт ғимараттарын сыпырушыға, спорттық команданы тасымалдаушы автобус, микроавтобус жүргізушісіне – қосымша ақы сомасынан 50%-ға дейін.

3 3. Спорттық жарыстардың чемпиондарын және жүлдегерлерін дайындағаны үшін қосымша ақы төлеу

8 8. Алынған нәтиженің пайызға шаққандағы жалпы мөлшері әрбір жаттықтырушының жүктеме көлеміне және тиісті жылға арналған еңбек ақы қорына қарай, жыл қорытындысы бойынша спорт ұйымының басшысының бұйрығымен бекітіледі.

Қосымша ақы белгілі бір спорт түрінен бөлімшеге алынған және спорттың басқа түрінен қатысқан спортшы үшін төленбейді.

9

9. Қосымша ақы балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінен және балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв мектептерінен спорттық шеберлігін жоғарылату үшін спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарға, жоғары спорт шеберлігі мектептеріне және республикалық спорт колледжіне берілген спортшыларды даярлаған жаттықтырушыларға бір күнтізбелік жыл бойында беріледі.

10

10. Қосымша ақы жаттықтырушыларға балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінен және балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв мектептерінен берілген спортшылар үшін спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың, жоғары спорт шеберлігі мектебінің және республикалық спорт колледжінің контингентіне алынған күннен бастап бір жыл аяқталған соң жүргізіледі.

4 4. Кәсіби (педагогикалық) шеберлігі үшін қосымша ақы төлеу

11 11. Қосымша ақыны төлеу мына мөлшерлерде жүргізіледі:

ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының басшысына және орынбасарына – лауазымдық жалақыдан 115%-ға дейін;
жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшысына және орынбасарына – лауазымдық жалақыдан 110%-ға дейін;
олимпиадалық даярлық орталығының басшысына және орынбасарына – лауазымдық жалақыдан 100%-ға дейін;
спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың басшысына және орынбасарына – лауазымдық жалақыдан 95%-ға дейін;
Республикалық спорт колледжінің басшысына және орынбасарына – лауазымдық жалақыдан 90%-ға дейін
олимпиадалық спорт түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушыға – лауазымдық жалақыдан 105%-ға дейін;
олимпиадалық емес спорт түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушыға – лауазымды жалақыдан 80%-ға дейін;
олимпиадалық спорт түрлерінен бас жаттықтырушыға – лауазымдық жалақыдан 105%-ға дейін;
олимпиадалық емес спорт түрлерінен бас жаттықтырушыға – лауазымдық жалақыдан 70%-ға дейін;
олимпиадалық спорт түрлерінен аға жаттықтырушыға – лауазымдық жалақыдан 95%-ға дейін;
олимпиадалық емес спорт түрлерінен аға жаттықтырушыға – лауазымдық жалақыдан 60%-ға дейін;
олимпиадалық спорт түрлерінен жаттықтырушыға – лауазымдық жалақыдан 90%-ға дейін;
олимпиадалық емес спорт түрлерінен жаттықтырушыға (техникалық спорт түрлерінен басқа) – лауазымдық жалақыдан 70%-ға дейін;
техникалық спорт түрлерінен жаттықтырушыға – лауазымдық жалақыдан 55%-ға дейін.

Қолданыстағы