Об оказании дополнительной социальной помощи детям-инвалидам, обучающимся и воспитывающимся на дому
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании дополнительной социальной помощи детям-инвалидам, обучающимся и воспитывающимся на дому
- Атауы (қаз.)
- Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 9-294
- Қабылданған күні
- 26.04.2010
- Көрсетілген редакция
- 27.01.2014 52851_194573.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.01.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10DA000123
- ЭКБ идентификаторы
- 52851
- Редакция идентификаторы
- 52851_194573
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:17
0 Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңы 11-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, 16-бабына сәйкес, "Талдықорған қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 15 желтоқсандағы "Талдықорған қаласының 2011-2013 жылдарға арналған бюджеті туралы" N 212 шешімін (Алматы облысының Әділет департаментінде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 30 желтоқсанда 2-1-134 нөмірі тіркелген, "Талдықорған" газетінің 2011 жылғы 07 қаңтардағы 2-нөмірінде жарияланған) орындау мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға тоқсан сайын әрқайсысына 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш көлемінде қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2
2. "Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ш.Б.Мұхаметжан) үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті бюджеттен бөлінген ақшалай қаражатты уақтылы игерілуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
3
3. Талдықорған қаласы әкімиятының 2005 жылғы 21 маусымдағы "Мүгедек - балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" (Талдықорған қаласының Әділет басқармасында Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылдың 28 маусымдағы тіркелген нөмірі N 2-1-6, "Талдықорған" газетінің 2005 жылғы 29 шілдедегі 31 нөмірінде жарияланған) N 19-589 қаулысының күші жойылды деп танылсын.