О создании государственного учреждения "Центр адаптации и интеграции оралманов" Комитета по миграции Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан
Қолданыста
Қаулы
·№ 503
·
12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О создании государственного учреждения "Центр адаптации и интеграции оралманов" Комитета по миграции Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің «Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 503
- Қабылданған күні
- 02.06.2010
- Көрсетілген редакция
- 23.09.2014 AI52869_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P100000503_
- ЭКБ идентификаторы
- 52869
- Редакция идентификаторы
- AI52869_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:03
0 Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің «Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы
Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Маңғыстау облысы Ақтау қаласының аумағында «Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру» орталығы мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) құрылсын.
2 2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бейімдеу қызметтерін көрсету мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі мәні болып белгіленсін.
3 3. Мемлекеттік мекемені қаржыландыру Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне республикалық бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
4 4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) мемлекеттік мекеменің жарғысын бекітсін және оны әділет органдарына тіркеуді қамтамасыз етсін;
2 2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
5 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен;
2 2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
реттік нөмірі 7-жолдың 3-бағанында «1592» және «21» деген сандар тиісінше «1607» және «36» деген сандармен ауыстырылсын.