Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан на внутригородском пассажирском транспорте (кроме такси) по городу Экибастузу

Өзге акт · № 249/21 · қабылданған 14.04.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-52872/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан на внутригородском пассажирском транспорте (кроме такси) по городу Экибастузу Күшін жойған Өзге акт ·№ 249/21 ·14.04.2010
21.08.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.08.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан на внутригородском пассажирском транспорте (кроме такси) по городу Экибастузу

Күшін жойған Өзге акт ·№ 249/21 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан на внутригородском пассажирском транспорте (кроме такси) по городу Экибастузу
Атауы (қаз.)
Екібастұз қаласы бойынша қалаішілік жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру үшін азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
249/21
Қабылданған күні
14.04.2010
Көрсетілген редакция
21.08.2014 AI52872_2.kaz
Соңғы өзгеріс
21.08.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10PC000268
ЭКБ идентификаторы
52872
Редакция идентификаторы
AI52872_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:29

0 Екібастұз қаласы бойынша қалаішілік жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру үшін азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15-тармақшасы, Қазақстан Республикасының "Көлік туралы" Заңының 13-бабы негізінде және азаматтардың жекеленген санаттарының қалаішілік жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру шығындарын өтеу мақсатында қалалық мәслихат ШЕШТІ:

1 1. Қалаішілік жолаушылар көлiгiнде жол жүру үшін келесi санаттағы азаматтарға жолақы билеті құнының 50% көлемiнде жеңiлдiкпен жүру құқығы белгіленсін:

1 1) жасына байланысты зейнеткерлер;

2 2) үшінші топтағы мүгедектер;

3 3) 18 жасқа дейiнгi 4 және одан да көп балалары бар көп балалы аналар.

2 2. Осы шешімнің 1-тармағында көрсетiлген азаматтарға жеңiлдiкпен жол жүру құқын бекiту үшiн кондукторға (бақылаушыға) келесi құжаттар ұсынылуы қажет:

1 1) жасына байланысты зейнеткерлер үшiн - зейнеткерлiк куәлiгi;

2 2) үшінші топтағы мүгедектер үшiн - мүгедектік куәлiгi;

3

3) 18 жасқа дейiнгi 4 және одан да көп балалары бар көп балалы аналар үшiн - "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министiрлiгiнiң зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (келiсiм бойынша) Павлодар облыстық филиалының Екібастұз қалалық бөлімшесінен анықтама, көп балалы аналардың мемлекеттiк арнайы жәрдемақы алатынын растайтын анықтама.

3 3. Көмектің осы түрі:

1 1) Кәсіпорын және "Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі арасында азаматтардың жекеленген санаттарын қоғамдық жолаушылар көлігінде тасымалдау шығынын өтеу келісімшартын жасасуы;

2

2) "Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесімен берілетін пайыздық қатынаста Екібастұз қаласы ішінде жолаушыларды тасымалдаудың жалпы көлемінде әр Кәсіпорнының қатысу үлесі туралы мәліметтері негізінде "Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі Кәсіпорындарға шығындарды өтеу есебін құру шарттарын сақтай отыра, жолаушыларды қоғамдық жолаушылар көлігінде тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпорын шығындарын өтеу жолымен өндіріледі.

4 4. Осы шешім оның ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы