Құжат мәтініне өту

О расширении охранной зоны государственного лесного природного резервата "Семей орманы"

Қаулы · № 480 · қабылданған 21.05.2010
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-52910/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О расширении охранной зоны государственного лесного природного резервата "Семей орманы" Қолданыста Қаулы ·№ 480 ·21.05.2010
11.03.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О расширении охранной зоны государственного лесного природного резервата "Семей орманы"

Қолданыста Қаулы ·№ 480 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О расширении охранной зоны государственного лесного природного резервата "Семей орманы"
Атауы (қаз.)
"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының күзет аймағын кеңейту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
480
Қабылданған күні
21.05.2010
Көрсетілген редакция
11.03.2014 52910_123243.kaz
Соңғы өзгеріс
11.03.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10V0002532
ЭКБ идентификаторы
52910
Редакция идентификаторы
52910_123243
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:07

0 "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының күзет аймағын кеңейту туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 123-бабына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10, 18, 53-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жалпы ауданы 256494 га аумақта (Бесқарағай ауданы – 203563 га, Бородулиха ауданы – 38242 га, Семей қаласы – 14689 га) «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының күзет аймағы кеңейтілсін.

2 2. «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватын құрудың табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемесіне резерваттың күзет аймағын кеңейту бөлігінде түзету енгізілуіне сәйкес күзет аймағының аумағында табиғатты пайдалану режимі және тәртібі белгіленсін.

3 3. «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесінің директорына жергілікті жерлерде күзет аймағының шекараларын арнайы белгілермен белгілеу ұсынылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Г.В. Пинчукке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
Шығыс Қазақстан облыстық
орман және аңшылық шаруашылығы
аумақтық инспекциясының бастығы
А. Калмыков

Қолданыстағы