Қолданыстағы ред. 20.05.2010

Көшелерге жаңа атаулар беру туралы от 20.05.2010 г. № 10 (Көшелерге жаңа атаулар беру туралы)

0

Көшелерге жаңа атаулар беру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабы 4) тармақшасына сәйкес, Ақдала ауылдық округі елді мекендерінің пікірлерін ескере отырып, Ақдала ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. Ақдала ауылдық округ елді мекендерді көшелеріне төмендегіше жаңа атаулары берілсін.
Ақдала ауылы бойынша: Астана, Нұрлы, Намыс, Қазына, Ынталы, Сенім, Өркендеу, Көрікті, Бәйтерек, Ақниет, Бастау, Ырысты, Тәуелсіздік, Парасат, Үлгі, Тілектес атаулар берілсін.
Онтам ауылы бойынша: Жайлау, Жаңа ауыл, Өркенді, Өркениет, Екпінді, Беткей, атаулары берілсін.
П.Арапов ауылы бойынша: Ақиқат, Балдәурен, Табыс, Думан, Кемел, Егемендік атаулары берілсін.
Тоғайлы ауылы бойынша: Көксарай, Ақжар, атауы берілсін.
Тақыркөл ауылы бойынша: Ақшуақ, Асар атауы берілсін.
Ақын-Жақып ауылы бойынша: Береке, Ынтымақ атауы берілсін.

2

2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Ақдала ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Р.Әділхановаға жүктелсін.

3

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.