Көшелерге жаңа атаулар беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көшелерге жаңа атаулар беру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабы 4) тармақшасына сәйкес, Ақдала ауылдық округі елді мекендерінің пікірлерін ескере отырып, Ақдала ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Ақдала ауылдық округ елді мекендерді көшелеріне төмендегіше жаңа атаулары берілсін. Ақдала ауылы бойынша: Астана, Нұрлы, Намыс, Қазына, Ынталы, Сенім, Өркендеу, Көрікті, Бәйтерек, Ақниет, Бастау, Ырысты, Тәуелсіздік, Парасат, Үлгі, Тілектес атаулар берілсін. Онтам ауылы бойынша: Жайлау, Жаңа ауыл, Өркенді, Өркениет, Екпінді, Беткей, атаулары берілсін. П.Арапов ауылы бойынша: Ақиқат, Балдәурен, Табыс, Думан, Кемел, Егемендік атаулары берілсін. Тоғайлы ауылы бойынша: Көксарай, Ақжар, атауы берілсін. Тақыркөл ауылы бойынша: Ақшуақ, Асар атауы берілсін. Ақын-Жақып ауылы бойынша: Береке, Ынтымақ атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Ақдала ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Р.Әділхановаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.