Құжат мәтініне өту

Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к судебно-экспертной деятельности в Республике Казахстан

Қаулы · № 511 · қабылданған 04.06.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-52926/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к судебно-экспертной деятельности в Республике Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 511 ·04.06.2010
16.11.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к судебно-экспертной деятельности в Республике Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 511 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к судебно-экспертной деятельности в Республике Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
511
Қабылданған күні
04.06.2010
Көрсетілген редакция
16.11.2012 AI52926_6.kaz
Соңғы өзгеріс
16.11.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000511_
ЭКБ идентификаторы
52926
Редакция идентификаторы
AI52926_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:02

0 Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.11.01 N 1258 (2012.01.31 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

2 2) Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2 2. «Сот сараптамасы қызметін лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 маусымдағы № 504 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 222-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау ережесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 4 маусымдағы
№ 511 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау ережесі

7 Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 4 маусымдағы
№ 511 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптары

1 1. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласында сот-сараптама қызметін қоспағанда, сот-сараптама қызметімен айналысу құқығына лицензия алуға өтініш берген жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары:

1 1) жоғары білімінің болуы;

2

2) мынадай пәндерден: қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық, азаматтық іс жүргізу заңнамасының, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың негізгі ережелері; криминалистика; сот сараптамасының құқықтық, ғылыми, ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздері; сараптаманың нақты түрінің ғылыми-әдістемелік негіздері; сот сараптамасы қызметін ақпараттандыру негіздері; сараптаманың нақты түрінің ғылыми-әдістемелік негіздері бойынша біліктілік емтихандарын тапсырғанын растайтын біліктілік куәлігінің болуы;

3 3) кемінде бес жыл сот-сарапшылық жұмыс стажының болуы;

4 4) «Сот сараптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 қарашадағы № 1414 қаулысымен бекітілген сот сараптамасы өндірісі жүзеге асырылатын арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарда көзделген арнайы жабдықтардың болуы;

5 5) наркологиялық және психиатриялық ұйымдарда есепте тұрғаны туралы мәліметтердің болмауы;

6 6) өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы болып табылады.

Қолданыстағы